2021 жылдың 24 сәуірі күні А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің базасында «Жұбанов кездесулері» атты мәдени-білім беру жобасы аясында “Жас STAR” III Республикалық музыкалық өнер конкурс-фестивалі өтті. Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Байқауға фортепиано соло, фортепиано ансамблі, қосымша фортепиано номинациялары бойынша 80-нен астам өнерпаз қатысты. Жас ерекшеліктері 6 жастан 25 жасқа дейінгі және одан жоғары.
Байқаудың қазылар алқасы Облыстың құзыретті және беделді музыканттарынан тұрды. Қазылар алқасының төрағасы – “Жұбанов кездесулері” жобасының жетекшісі, .А. Жұбанов атындағы музыкалық колледждің директоры, ҚР Мәдениет қайраткері – А. Д.Исмагулов
Қазылар алқасы:
” XXI таланты ” қоғамдық қорының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның концертмейстері, халықаралық байқаулардың лауреаты – Д. А. Ниязова
Астана Опера “мемлекеттік опера және балет театры МЕАҚ опера труппасының концертмейстері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты – З.Г.Жазықбаева
Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, фортепиано оқытушысы және А. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің концертмейстері – Б. К.Қожанбаева
Байқау жоғары кәсіби деңгейде өтті. Қатысушылар дипломдармен, медальдармен және естелік кубоктармен марапатталды.
2022 жылдың 3 сәуірінде «Жұбанов кездесулері» мәдени-ағартушылық жобасы аясында А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде Роза Ахметқызы Жұбанованың 85 жылдығына арналған IV Республикалық жас пианистер байқауы өтті. Байқауға арнайы фортепиано және фортепианоға арналған басқа мамандықтар бөлімінен 100-ден астам қатысушылар қатысты. Байқау 6 жастан 26 жасқа дейінгі аралықтағы бірнеше топтарға бөлінді.Байқауға қалалық оқушылар сарайының, қалалық және облыстағы балалар музыка мектебі мен өнер мектебінің оқушылары, сондай-ақ А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің, Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжінің, Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінің білім алушылары қатысты.