Хор дирижерлық бөлімі өзінің хронологиясын 1971 жылдан бастап, яғни Ақтөбе музыкалық училищесі құрылған кезден бастап жүргізіп келеді. Оның бастауларында П.М.Савчук, Д.В. Агафонов және А.А. Жәкеева тұрды. Бас мұғалім ретінде П.М.Савчук аралас хорға жетекшілік етті, ол 1980 жылы республикалық байқаудың дипломанты атанды және Ақтөбенің 100 жылдығына бірнеше ән шығарды.
Мемлекеттік емтихандардан кейін. Солдан оңға қарай, отырғандар – П.М.Савчук, Қ.У. Қожанбаев, С.А. Карташова, Д.В. Агафонов; тұрғандар– П.М.Савчуктың студенттері. 1975 жыл
Д.В. Агафонов 1971 -1977 жылдары бөлімді басқарды, мектеп хорымен және көркемөнерпаздар ұжымымен жұмыс жасады. А.А.Жакеева болашақ хор дирижерлері үшін мектеп практикасының базасын құрумен айналысты, ұлттық мектептердегі музыкалық білім беру мәселелері бойынша Бүкілодақтық кеңеске қатысты.
1972 жылдан бастап бөлімде Алматы консерваториясының түлектері Н.А.Фоменко мен Т.С.Алагузов жұмыс істей бастады, олар училищеде әйелдер хорын, балалар хорының бастауында тұрған қаладағы алғашқы. «Искорки» ансамблін, сонымен қатар Ақтөбе филармониясының камералық хорын ұйымдастырды. Т.С.Алагузов 1990-1995 жылдары ол біздің оқу орнымыздың директоры болды.
Училищенің әйелдер хорының концерті. Дирижер Т.С.Алагузов, концертмейстер Э.М.Москалец. 1974 жыл
1974 – 2000 жылдары Ю.В.Захаркиннің жарқын қызметі жалғасты. Алғашқы күндерден бастап ол әуесқойлық қойылымдарға белсене араласты, 1978-1982 жылдар аралығында бөлімнің әйелдер хорын, ал 1982-2000 жылдар аралығында аралас хорын басқарды,. Ю.В.Захаркин үлкен формадағы шығармаларға тартылыс жасай отырып, Г.Свиридовтың «Түнгі бұлттар», С.Рахманиновтың «Үш орыс әні» және «Көктем» кантаталары сияқты маңызды шығармаларды орындады. Оның жетекшілігімен аралас хор КСРО Үлкен театрының дипломымен марапатталды.
Біраз уақыттан кейін әр жылдары Н.В.Дүйсенғалиев, С.И.Суворов, У.Е.Ержанов, Н.Е.Булгакова, А.И.Зеникова колледжде сабақ берді, Олар 1984-1989 жылдар аралығында бөлімді басқарды және қаланың көркемөнерпаздарымен мәдениет саласында үлкен жетістіктерге жетті. 1979 жылы құрған «Тәлімгер» ардагерлер хоры әлі күнге дейін танымал.
Бөлім оқытушылары. солдан оңға қарай: А.И.Зеникова, Н.А.Фоменко, З.Н. Накибаева, Н.Б. Коңурбасова, Ю.В. Захаркин, М.В. Потудина, А.Х. Парусимова.
1996 жыл
1982 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында жоғары білім алған бұрынғы түлектердің педагогикалық қызметі басталды: А.Н.Джумашева – қазақтың халық аспаптарында орындаушы студенттерден құралған хор ұйымдастырды және 2005-2006 жылдары бөлімді басқарды. Колледждің әйелдер, кейінірек аралас хорын басқарған Н.Б.Қоңырбасова 1992-1994 жылдар аралығында хормейстер, ал 2000-2005 жылдары – Г.Жұбанова атындағы филармонияда камералық хордың бас дирижері, 2003-2008 жылдары колледж директоры болды.
А.Н.Джумашев және қазақтың халық аспаптары бөлімі негізінде қазақ хорының әйелдер құрамы. 1989 жыл
Н.Б.Конурбасова. 2001 жыл
1991 – 2003 жылдары Т.Н.Новицкая бөлімнің әйелдер хорын басқарды және филармонияның камералық хорының хормейстері болып жұмыс істеді де, кейін оны басқарды.
Т.Н.Новицкая
1994 жылы Атырау музыкалық училищесінде үлкен тәжірибесі бар және «Наставник» ардагерлер хорымен әуесқойлық қойылымдарға белсенді қатысқан А.Х.Парусимова ұжымға қосылды.
А.Х.Парусимова. 2009 жыл
1994 жылдан 2006 жылға дейін аралас хордың жетекшісі және бөлім меңгерушісі, бұрынғы колледж түлегі З.Накибаева бөлім тарихының жарқын парағын жазды. Ол қазіргі уақытта «Мәдениет саласының үздігі» және П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің хор дирижері бөлімінің меңгерушісі.
Колледждің аралас хоры. Дирижері З.Н.Накибаева, солисті М.К.Бекжанов, концертмейстері Л.Н.Захаркина. 2003 жыл
Училищенің түлегі, Астрахань мемлекеттік консерваториясын бітірген М.В.Потудинаның барлық педагогикалық өмірі А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінде өтті. Ол 1985 жылдан 2019 жылға дейін мамандықтан сабақ сабақ беріп, 2008-2015 жылдарда бөлімді басқарды. Ол өзін белсенді, коммуникативті, сауатты маман ретінде көрсетіп, Казақстанда, алыс, жақын шет елдерде оқып жатқан 30 дан аса хормейстерлерді тәрбиеледі. Тамаша әнші, дүниежүзінің үздік театрларында өнер көрсетіп жүрген, Әулие Сильвестрдің рыцарлық орденінінің иегері, Ресей мемлекеттік академиялық Үлкен театрының солисті Светлана Касьянға мамандықтан сабақ берді..
С.Касян және М.В.Потудин. 2015 жыл
2004 жылдан бөлімде колледждің және Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының түлектері М.Жаманкулова, А.Имухамбетовалар жемісті еңбек етіп келеді. Ресейдің Гнесин атындағы музыка академиясын аяқтаған М.Жаманкулова жинақ болып шыққан, балалар мен жасөспірімдерге арналған әндердің авторы, қалалық, облыстық маңызды іс –шараларда өнер көрсетіп жүрген «Жайдарман» балалар студиясын ұйымдастырушы. 2012 жылдан бері қалалық, облыстық әкімшіліктің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар колледждің аралас хорын басқарады. М.Жаманкулованың біздің оқу орны жанындағы балалар музыкалық студиясының хорымен жүргізіп келе жатқан ұзақ жылғы жемісті еңбегін атамай кетпеуге болмайды.
Аралас колледж хоры. Директоры М.Т.Жаманқұлова, концертмейстері З.Г.Жазықбаева. 2021 жыл
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның аспирантурасында оқыған А.М.Имухамбетова колледждің аралас хорында, Г.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның камералық хорына жетекшілік етті.
2001жылы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде педагогикалық қызметін оның түлегі, А.А.Жолимова (Кустаева) -бірнеше жыл бөлім меңгерушісі, республикалық, халықаралық байқауларда жеңімпаз болған әртүрлі балалар хор ұжымдарында хормейстер болып жұмыс атқарды. Оның колледжде құрған «Өркен» вокальдық ансамблі қалада өзінің жарқын концерттерімен танымал болды.
Преподаватель А.А.Жолимова және облыстық білім басқармасының бастығы Б.Ж.Самуратова «Өркен» вокалды ансамблімен. 2015 жыл
Қазіргі таңада бөлім құрамына осы колледжді, Қазақ ұлттық консерваториясын, Қазақ ұлттық өнер университетін бітіріп келген, еңбек жолын жаңа бастап жатқан жас педагогтар өздерінің тәлімгер ұстаздарының дәстүрлерін жалғастырып келеді. Олар: қазіргі бөлім меңгерушісі –З.К.Нургазина, конкурс лауреаттарын тәрбиелеп жүрген А.М.Рамазанова, М.Б.Батырша, А.А.Жақсымұрат (Балымбаева), Б.К.Якупов. Бөлім тарихында, оның бүгінгі тіршілігінде Н.А.Фоменкосыз ойлау мүмкін емес. Оның көп жылғы жемісті қызметі мен үнемі «алғашқы» деп айтуға тура келетін еңбегін хор өнеріне деген зор құрметі деуге болады. Оның педегогикалық еңбегінің бай қоржынында: Санк-Петербургте өткен «Европейское довузовское музыкальное образование» халықаралық конференцияға қатысуы, туристік білімдік сапарлары,лекция-концерттері бөлімдегі «Домашнее музыцирование» байқаулары, мамандықтан емтиханды вокальдық ансамбльмен тапсыруы, қала, облыс көлемінде өткізген балалар хоры, вокальдық ансамбль арасындағы байқаулары жатыр. Өзі хормейстер болған қалалық оқушылар сарайы жанындағы «Искорки» халықтық ансамблі Н.А.Фоменконың жеке қолдауымен ашылды. Оның тасқынды энергиясы мен шығармашылық бастамасымен 1991 жалдан басқарған шіркеу хоры, №9 мектеп-гимназиясының ер балалар хоры, 1992 – 2018 жылдарда басқарған «Меценат» қайырымдылық қоры жаныан құрылған балалар хор ұжымы, «Інжу» вокальдық ансамблі, Украин мәдени орталығы жанындағы «Оксана» хоры бар.
Қазақ ұлттық музыка академиясының Орган залында өткен гала-концертте «Інжу» вокалдық ансамблінің өнер көрсетуі. 2007жыл
Н.А.Фоменко класының оқушылары республикалық, халықаралық дирижерлар конкурсында бірнеше мәрте жүлделі орындарды иеленді:. Олар: Р.Нуркатова, М.Жаманкулова, А.Кустаева, Г.Абдуллина, Г.Сейлхан, М.Бекенова,А.Сатыбаева.
Республикалық джаз конкурсында Гран- при иеленген «Інжу» ансамблі 2018 жылы Америка Құрама Штатына шақырту алып, Колифорния университетінде, Лос Анжелестің музыкалық институтында сәтті өнер көрсетіп қайтты.
Голливуд музыкалық институтындағы « Інжу» ансамблінің өнері. 2008 жыл
Бұл шығармашыл ұжым кала, облыс көлемінде өтетін маңызды шараларға үлкен ықыласпен шақырылады. Ансамбль Астана, Қостанай, Орал, Сочи, Москва, Прага, Казан, Санкт-Перетбургта өткен байқаулардың лауреаты..
«Інжу» вокалды ансамблі. Солдан оңға: М.Бекмамбетова, А.Уразов, А.Джумагалиев, А.Сатыбаев, А.Сатбаев. 2018 жыл
Н.А.Фоменко осы уақыт аралығында 80-ге жуық маман даярлап шығарды, олар кейін Астана, Алматы, Астрахань, Саратов, Орынбор, Казан, Мәскеу, Прага қалаларында жоғары оқу орындарында оқыуын жалғастыруда. Н.А.Фоменко БММ мен жалпы білім беретін мектеп оқытушыларына мастер –класстар өткізеді. Н.А.Фоменконың алған грамоталары, Алғыс хаттары мен Ы.Алтынсарин медалі оның Қазақстанға хор музыкасын насихаттаудағы және Ақтөбе музыкалық колледжі тарихындағы жұмысының аз ғана бөлігін көрсете алады.
Бөлім түлектері Ақтөбеде және оның аймағында табысты жұмыс істеп келеді. Ал олардың басым көпшілігі хор практикасымен тікелей байланысты. Олардың көпшілігі өз мамандықтары бойынша Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда жұмыс істейді: В.Нестеров, К.Досмағамбетова, С.Бодраков, А.Әбілханова, Г.Қалдыров, Г.Құламанова,.М.Әбішевтің жетекшілері М.Құспанов және Аралбаева жетекшілік ететін «Саз» балалар хоры. Е.Жила Ақтөбе облыстық орталығының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Славяне» хорын басқарады.
Бөлімді бітірген бірқатар түлектер өз қызметін еліміздің басқа қалаларында жалғастыруда. Атап айтсақ, А.Абишев труппаның жетекшісі, “Astana Musical” мемлекеттік театрының бас хормейстері, А.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрының хормейстері. В.Савинкова – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры хорының әртісі, Н.Меркушева – Германияның Мундеркинген қаласындағы «Рисстиссен» және «Аттенвейлер» аралас хорларының жетекшісі.
Хор дирижерлік ету бөлімінің кейбір түлектері жеке ән айту бойынша кәсіби таңдау жасады. Мысалы, Ж.Нұрқасымова – Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі, А.Жармағамбетова – Нүр-Сұлтан қаласында М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының вокал жаттықтырушысы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының аға музыканты, С.Мендыгалиева мен А.Қуатов – «Kazakh Concert» Мемлекеттік концерттік ұйымының жеке әртістері, А.Мадекешова -Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрімен бірге ән айтады. Жақын шетелдегі қалаларда кейбір түлектерміз жеке әншілер ретінде өнер көрсетеді: Рязань музыкалық комедия театрының сахнасында – Л.Шубина, М.Кухарев пен С.Лукашенко- Астрахань мемлекеттік опера және балет театрында.
Түлектердің арасында жұмысты хормен және әкімшілік –басқарушылық қызметпен қатар алып жүргендер де бар. М.Г.Подлибнер – А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі жанындағы балалар музыкалық студиясының тізгінін ұстады. Г.Кшаева – Ақтөбеде, С.Бахтиярова – Алғада балалар музыкалық мектептерінің директорлары және хор шеберлері болды, Л.Омарова – Облыстық халық шығармашылығы үйін басқарды, Ю.Савченко «Мұғалім» жеке тәлімгерлік мектебін құрды және басқарды.
Хор дирижерлік бөлімінің студенттері өздерінің музыкалық өнерінде ғана емес, сонымен бірге мәдениеттің басқа салаларында да икемділік пен қабілеттерін көрсете білді: Л.Тормышева – Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының актрисасы және режиссердің көмекшісі, Р.Нұрқатова – Шымкент қалалық орыс драма театрының әдеби бөлімін басқарады, ал Е.Панарина – Саратов облысы Озинки ауылының мәдениет және кино бөлімінің басшысы.
Біз барлық түлектерімізді еске ала отырып, олардың жетістіктерін мақтан етеміз. Олардың әрқайсысының өмірінде Ақтөбе музыкалық колледжінің хор дирижерлік бөлімі өз рөлін атқарды және өмірлік жолдарын анықтады.
Хор дирижерлік бөлімінің оқытушылары. Солдан оңға қарай: А.М. Рамазанова, А.М. Имухамбетова, Н.А. Фоменко, Б.К. Якупов, З.К. Нұрғазина, М.Т. Жаманқұлова, А.А. Жақсымұрат, Б.М. Батырша . 2021 жыл