Фортепиано – әмбебап, жалпыға ортақ аспап ретінде барық музыкалық аспаптар арасында ерекше орында, сондықтан оны игеру барлық кәсіби музыканттарға міндетті болды.1971 жылы қазан айында Ақтөбе музыкалық училищесімен қатар ашылған жалпы фортепиано бөлімі оқытушылары мен оқушыларының саны жағынан ең үлкен бөлім болды.
Домбыра, қобыз, скрипка,үрмелі аспаптарда орындаушыларды, вокалистер мен дирижерларды фортепианода оқытудың күрделі процесін Ақтөбедегі музыкалық училищеде оқытқан алғашқы педагогтар: Г.А.Гафурова, С.М.Пешкова, А.Н.Аркус, А.Н.Еремина, Л.И.Смолева, Ж.В.Дзоценидзе.
Галина Александровна Гафурова –
Жалпы фортепиано бөлімінің алғашкы меңгерушісі
Төменгі қатарда солдан оңға қарай – Л.А.Самохина, С.А.Верясова.
Ортаңғы қатарда – В.М.Емельянова, Ж.В.Дзоценидзе.
Жоғарғы қатарда – Л.Суганова , Е.В.Теплинская, И.Суганова
Бөлім оқытушылары: (солдан оңға қарай) М.Г.Подлибнер, В.М.Емельянова, С.В.Богачева, С.А.Верясова, О.У.Акчурина, И.А.Копыто
Бөлім жұмысын одан әрі дамытуға өз үлестерін қосқан жаңа педагог кадрлармен толықтырылып отырылды. Олар өз ұстаздарының ісін жалғастырған осы училище түлектері: М.Г.Подлибнер, И.А.Копыто, И.Э.Герц (Штро), С.Л.Корнилова, В.М.Емельянова, Т.Е.Семенова, М.М.Ставицкая, Л.А.Самохина, Е.В.Теплинская, Д.А.Ниязова, С.З.Альтшуллер, С.А.Верясова. Кейіннен олардың қатарына қосылғандар: М.Э.Шевченко, О.У.Акчурина, С.В.Богачева. Олар кәсиби маман ретінде, өз істерін шығармашылықпен жүргізіп, еңбектерімен ұжымда беделді орын алды.
Бөлім оқытушылары. Төменгі қатарда отырғандар – С.А.Верясова, Н.Ф.Чистополова, Н.Т.Чугунова, С.Л.Корнилова, В.М.Емельянова
Жоғарғы қатарда – М.М.Ставицкая, С.З.Альтшуллер, Д.А.Ниязова, М.Г.Подлибнер
Бөлім оқытушылары. төменгі қатарда отырғандар – С.А.Верясова, С.Л.Корнилова, Н.Т.Чугунова
Жоғарғы қатарда – И.А. Копыто, Л.А. Самохина, М.Г.Подлибнер
Бөлім бірте-бірте А.Жұбанов атындағы музыкалық колледж түлектері, кейін Қазақстан мен Россияның үздік мамандандырылған оқу орындарын аяқтаған жас және тәжірибелі педагогтармен толықты. Олар: А.А.Абдрахманова, А.А.Қарманова, Т.А.Трегуб, М.А.Кулмағамбетова, Б.К.Қожанбаева, З.К.Умурзакова, С.А.Дунаева, К.А.Гимранова, З.Г.Жазықбаева.
Бөлім оқытушылары, төменгі қатарда отырғандар – – С.В. Богачева, С.О.Лалименко В.М.Емельянова, А.А.Абдрахманова, О.У.Акчурина.
Жоғарғы қатарда – О.С.Мухтаров, Г.Р.Жумагалиева, З.Г.Жазыкбаева, А.Н.Кшаева, Ч.Е.Макибаев, К.А.Гимранова, А.А.Карманова, А.Ш.Искаков, З.К.Умурзакова, А.С.Дунаева.2021 жыл
Жалпы фортепиано бөлімін 10 жылдан аса басқарып, оның дамуына және оқушыларды сапалы дайындауға сәйкес талаптарды жүйелеуде үлкен үлес қосқан Галина Александровна Гафурова болды. Бұл орында оны ауыстырғандар: Н.Т.Чугунова, И.Э.Герц, А.С.Давлетова, Д.К.Фаизова, С.В.Богачева, А.А.Абдрахмановалар да, оқытушылардың кәсібилігін дамытуға, оқушылардың шығарашылық потенциалын көтеругекөп күш салды.
Көп уақыттарын арнайы пәнге қатысуға арнайтын оқушыларға фортепианоны меңгеру оңайлықпен келмейтініне қарамастан, студенттердің басым бөлігі фортепиано сабақтарына аса қызығушылық танытып, концерттерге қатысып, әртүрлі деңгейдегі байқауларда жүлделі орындар алады.
Бөлім педагогтары оқушыларды қызықтыру, баулу, музыка әлемін таныту үшін түрлі тақырыпта класс концерттер, кең репертуармен халық әндерін джазға, классикалық шығармаларды танымал музыкаға өңдеу, ансамбль мен аспапта орындаушыларды суйемелдеу сияқты іс – шараларды ұйымдастырып отырады.
В.М.Емельянова репертуарды кеңейту үшін, бөлім оқушыларының мүмкіндігіне сәйкестендіріп, төрт қолға арналған фортепианолық шығармалар жинағын шығарды. Онда қазақ халық әндері, Қазақстан композиторларының шығармалары өңделген, оның ішінде аса көңіл аударарлығы А.Жұбановтың 100 жылдығына «Тәжік билерін», 110 жылдығына
«Қазақ билерін» өңдеуі.
“Фортепианный марафон – 2016” ашық алаңы. В.М.Емельянова мен Б.К.Қожанбаеваның орындауында В.М.Емельянованың төрт қолға өндеген А.Қ,Жұбановтың “Тәжік билері”.
Бөлімнің өте маңызды қосымша қызметі – концертмейстерлік жұмыс, ол жан-жақты музыкалық тәрбие берудің бір бөлігі болып саналады. Бұл салада бөлім педагогтары барлық бөлімдерде сұранысқа ие. Айта кетер болсақ, хор дирижерлерімен ұзақ жыл жұмыс істегендер- М.Г.Подлибнер, И.А.Копыто, С.А.Верясова, үрмелі аспаптар бөлімінде-З.Т.Жазықбаева, М.Э.Шевченко, вокалистерді сүйемелдеушілер- С.В.Богачева, С.Б.Тлемисова мен Г.Н:Корчагина, ал қазақ халық аспаптар бөлімінде-В.М.Емельянова, М.Э.Шевченко, Б.К.Қожанбаева, А.А.Абдрахманова. Олардың көпшілігі республикалық, халықаралық деңгейдегі конкурстарда орындаушы оқушыларды сүйемелдегендері үшін әр түрлі марапаттар мен бағалы сыйлықтар алды.
Қазіргі уақытта бөлімде кәсіби музыканттарды тәрбиелеуде, олардың эстетикалық талғамдары мен мәдениетін қалыптастыру жүйесіне үлкен үлес қосып жүрген он бес педагог жұмыс жасайды. Бұл – колледждің түрлі мамандықтағы оқушыларын ұшы қиыры жоқ фортепианолық музыкаға баулыған, бір мақсатқа біріккен пікірлес шығармашылық Одақ.
Педагогтардың жинақтаған тәжірибесі, жоғары біліктілігі – жаңа биіктерді бағындыруға қолайлы алғы шарт болып табылады.