• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру

    1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
    2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
    1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
    2) www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
    3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.
    4 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде
    5 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
    Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.
    6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін
    7 Жұмыс істеу кестесі 1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
    2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
    2) www.egov.kz порталында орналастырылған
    8 Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі Көрсетілетін қызметті берушіге:
    1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым басшысының атына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақханадан орын беру туралы өтініш;
    2) қандас мәртебесі туралы құжат;
    3) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
    Порталда:
    1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жатақханадан орын беру туралы өтініш;
    2) қандас мәртебесі туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
    Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтама, ата-анасының (ата-анасының) қайтыс болуы туралы куәлік (балалар үшін – туралы анықтама (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 “Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы” бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10589 тіркелген) нысан бойынша мүгедектікті растау туралы анықтама, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқығын растау туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден “электрондық үкімет” шлюзі арқылы ұсынылады.
    9 Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
    2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 тіркелген) мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларында орын бөлу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жолдайды.
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.
    10 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
    Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы “жеке кабинет”, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ “1414”, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
    Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
    Порталдағы “жеке кабинеттен” ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның келісімі жағдайында үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"