1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | “Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары” көрсетеді |
2 | Мемлекеттік көрсітілетін қызметті ұсыну тәсілдері (жеткізу арналары) |
Өтінішті қабылдау және
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 3) “электрондық үкіметтің” www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге,
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5
жұмыс күні; Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін жеке тұлғаларға күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 20 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 минут 3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсеттілетін берушінің кеңсесі арқылы қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорация арқылы-15 минут. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Тегін тамақтандыруды ұсыну
туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті
көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады және сақталады. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші
– Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке
күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілетін
қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден
14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. 2) Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. 3) портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында; 2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) www.egov.kz. порталында орналасқан. |
8 | Құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті
берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) туу туралы куәлік – көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда); 3) қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін; 4) мүгедектігі туралы анықтамалар – мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы – даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін; 5) өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтамалар – атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін; 6) табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, білікті жұмысшы кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау шеңберінде оқитын студенттер үшін: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) оқу орнына қабылдау туралы бұйрық. 2,3,4-тармақтарда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады. Порталда: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) туу туралы куәлік – көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда); 3) қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы электрондық анықтамалар – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін; 4) мүгедектігі туралы электрондық анықтамалар – мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның электрондық қорытындысы – даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін; 5) өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын электрондық анықтамалар – атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін; 6) табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, білікті жұмысшы кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау шеңберінде оқитын студенттер үшін: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) оқу орнына қабылдау туралы бұйрық. Көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын, отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат, қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден “электрондық үкімет” шлюзі арқылы алады. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін
қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және
(немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған сот шешімінің болуы |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Организм функциясы тұрақты
бұзылған, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін
немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті
алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай
байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты
жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы “жеке кабинеті”, көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.Жүктеу |