«Әлеуметтік – мәдени қызмет және халықтық көркемдік шығармашылығы»» бөлімі мәдениет үйлерінің қызметкерлерін дайындайтын, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде 2012 – 2013 оқу жылында ашылды. Бұнда білім алушыларға төмендегідей біліктілік береді: «Педагог – демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі», «Педагог –демалыс ұйымдастырушы, халық аспаптар оркестрінің (ансамбілінің) жетекшісі». Бөлімнің ашылуының басты себебі – облыс аудандарындағы мәдениет үйлері жұмыстарының қайта жандануына байланысты еңбек нарығындағы кәсіби мамандарға сұраныс және Ақтөбе гуманитарлық колледжінде бұл мамандыққа талапкерлерді қабылдау тоқтатылуы.
Колледж әкімшілігі, бөлім оқытушылары және білім алушылар.
2016 жыл
А.Ж.Берденова
Алғашқы бөлім меңгерушісі
болып, Қазақ ұлттық өнер университетін бітіріп келген осы колледж түлегі
А.Ж.Берденова, жаңа ұжымды қалыптастыруға белсене кірісті. 2015 жылы оның
орнына келген Ш.Ш.Сарсенғалиева, бәсекеге қабілетті құрылымдық бөлім ретінде
қалыптастырып, елеулі жетістіктерге жеткізіп, колледждің біраз жылғы
қалыптасқан бірегей жүйесіне педагогтарды біріктіре алды.
Бөлімнің өзіне тән ерекшеліктерін анықтайтын ұйымдастыру жұмыстарының бар ауыртпалығын көтерген тәжірибелі шеберлер де бар. Бірінші кезекте, «Мәдени демалыс ұйымдастырушы» арнайы пәнін барлық біліктілік бойынша жүргізетін, Аль – Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдени институтын бітірген Г.К.Каликова тұрады. Ол бөлімдегі педагогикалық қызметтерін жаңа бастаған А.А.Кузенбаев, Г.Б.Қансултановаларға өз мамандығынан ақылшы тәлімгер бола отырып, бөлімдегі маңызды іс-шараларды өткізуге ұйытқы болып, облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орын алған оқушыларды тәрбиеледі.
Ақтөбе қаласының 150 жылдығы. Оқытушы Г.К.Каликова өз тобымен.
2019 жыл
Қаладагы белгілі музыка өңдеуші, шығармашылық жолын жаңа бастаған Димаш Құдайбергенмен жақсы ынтымақтастықта болған Б.Ж.Зейнеловты бөлімге оқытушылыққа шақыру сәтті шешім болды. Ол облысымыздың музыкалық өміріне сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» меделімен марапатталды. Б.Ж:Зейнеловтың бөлімнің халық аспаптар оркестрімен жасаған жұмысы шығармашылық ұжымға жаңа серпіліс берді.
Б.Ж.Зейнелов өз тобымен. 2017 жыл Б.Ж.Зейнелов Димашпен. 2019ж.
«Әлеуметтік – мәдени қызмет және халықтық көркемдік шығармашылығы»» бөлімнің негізін қалаған оқытушылардың қатарына бірте-бірте жас педагог –музыканттар қосыла бастады: Т.Е.Есмурзина (оркестр класы), А.С.Токмурзина (қобыз), Т.С.Буркишев (баян), Ж.А.Маратов (домбыра). Кейін оқытушылар қатарына А.К.Қанаткалиева сияқты тәжірибелі маманда қосылды. Оқушыларды сахнаға бейімдеу мақсатында концерттерге шығарып, конкурстарға даярлап, лауреаттар санын арттырып келеді.
Оқытушы Т.Е.Есмурзина оркестр сабағында. 2018 жыл
Болашақ әуесқой бишілер ұжымының жетекшілерін А.Б.Есенжанова, Н.Ж.Жұбаниязов, М.К.Қажғалиева, Г.У.Ташенова дайындайды. Олар құрған шығармашыл би ансамбльдері қала мен облыстың концерттік сахналарында өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп және түрлі деңгейдегі байқауларда үнемі жүлделі орындарды алып келеді.
Оқытушы А.Б.Есенжанованың ашық сабағынан кейін.
Солдан аңға қарай, отырғандар: А.А.Кузенбаев, А.Б.Есенжанова, Л.А.Тарасова, Ш.Ш.Сарсенгалиева. 2018 жыл.
Хореограф Н.Ж.Жубаниязов бөлім бишілерімен. 2019 жыл
Колледж «ЖасStar» би тобы. Жетекшісі М.К. Кажгалиева. 2018 жыл
Бөлімде осы жылдарда 100-ден аса мамандар тәрбиеленіп шықты. Бітірген түлектердің біразы білімдерін еліміздің жоғары оқу орындарында жалғастырып жатса, біразы мамандықтары бойынша еңбек жолдарын бастады. Олардың ішінде, Ж.Қаржаубайұлы Құрманғазы аьындағы ұлттық консерваторияның студенті, көптеген танымал эстрадалық әндердің авторы. Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген С.Ноғайбаев «Астана Мюзикл» театрының әртісі, Г.Дуйсенбаева – Абай атындағы ұлттық педагогика институтында оқи жүріп, белгілі хореографиялық «Дара» ансамблінде өнер көрсетіп жүр.
«Әлеуметтік – мәдени қызмет және халықтық көркемдік шығармашылығы»» бөлімінің құрылғанына салыстырмалы түрде аз уақыт болса да, жеткен жетістіктері болашаққа оптимистік көзқараспан қарауға мүмкіндік береді. Бұл бөлім А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің қалыптасқан оң, тартымды имиджін әрі қарай бекітіп, жақсарту барысында басқа бөлімдермен қатар келе жатыр.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Е.Б.Басыкара
және колледж директоры А.Д.Исмагулов (ортада) Наурыз мерекесінде.
2018 жыл