Музыка теориясы бөлімі өзінің тарихын 1975 жылдан бастады. Бұған дейін музыкалық-теориялық пәндер циклы тек аспапта орындауышылар бөлімдерінде ғана жүрді. Кәсіби музыканттарға музыка ториясы пәндерін меңгерту жолында алғашқылар болған: Ж.М.Шелест (Эртман), А.И.Ставниченко, Н.А.Куц, И.В.Алексеева, В.В.Тимофеева, Н.М.Погребняк (Рамбоусик), В.Н.Агафонова.
Бөлімнің нық аяғына тұрып кетуіне, музыкатану мамандығы бойынша консерваториялық білімі бар алғашқы оқытушы Галина Николаевна Скурыдинаның еңбегі ерекше. Сол кісінің бастамасымен Ақтөбе музыкалық училищесінің ашылғанына 5 жыл толғанда музыка теориясы бөлім болып ашылды. Бөлімді 18 жыл басқарған Г.Н.Скурыдина бөлімнің негізін салушы, діңгегі іспеттес, ол 1978 жылдан бері білікті мамандарды қасына жинай білді. Олар: Б.Д.Бухман, А.Б.Иванова, О.Ю.Ламина, Т..Н.Соловьева, И.Г.Цуркан. Консерваторияны аяқтағаннан кейін, бұрын оқып бітірген түлектеріміз, теория пәні оқытушысы ретінде училищеге қайта оралды. Олар: М.Э.Васильева, З.Д.Амарханова, М.Н.Карнаух, О.В.Роецкая, М.Р.Гришукова және 2000 жылы Ж.Ж.Курманбаева, Д.С.Дуйесинова, А.Б.Шарипова, С.А.Яновский. Колледждің қазіргі басшысы А.Д.Исмагулов 30 жылдан аса, республикада алғашқы болып, музыкалық-теориялық пәндерді қазақ тілінде жүргізіп келеді. Бөлімді Г.Н.Скурыдинадан кейін, 1991-1995 жылдар аралығында А.Д.Исмагулов басқарды. Одан кейінгі бөлім меңгерушілері болған: М.Э.Васильева, М.Р.Гришукова, З.Д.Амерханова. Соңғы жылдары бөлімді осы колледжді екі мамандық бойынша (қобыз, музыка теориясы) аяқтаған М.К.Қожанова басқарады. Басқа да түлектеріміз Ж.А.Канимкулова, М.Е.Курманбаева, К.Б.Далишева, С.А.Яновскийлер де абыройлыжұмыс жасап келеді.
Теория бөлімінің 45 жылдығы бөлім жұмысына біршама қортынды жасауға мүмкіндік береді. Осы уақыт аралығында бітірген 120 маманның әр үшіншісі жоғары оқу орындары Алматы, Саратов, Қазан, Астрахань, Уфа консерваторияларын, Астана қаласы ұлттық өнер университетін оқып бітірсе, біразы оқып жатыр. Музыкалық-теориялық пәндерден беретін оқытушылар кәсіби музыкалық білім беру жүйесінің үш сатысында да (бастауыш, орта, жоғары) сәтті еңбек етіп келеді. Олар тек Қазақстан емес, Ресей, Германия, Израильде және басқа да елдерде де сұранысқа ие.
Ұзақ жылдар ішінде колледж бүкіл республикалық музыкалық білім беру мекемелеріне талантты педагогтар тобын даярлады:
Қазақ ұлттық өнер университетінде өнертанушы, композиция кафедрасының доценті, өнертану ғылымының кандидаты Г.Ж.Кузбакова, оқытушылар Г.Г.Шанбатырова, Н.К.Жолдасова, О.В.Никонорова, Д.С.Дуйесинова, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияда РһD ғылыми дәрежесінде, доцент, өнертану ғылымы кафедрасының меңгерушісі М.Т.Кокишева (Нұрхабаева), Г.Я.Тампаева – мәдениеттану бойынша кандидаттық диссертация қорғап, жоғары РһD дәрежесін алды.
А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжін бітірген түлектер көп жетістіктерге тек өз отанында ғана емес, шет елдерде де қол жеткізіп жүр. Ю.В.Кирбаба – мәдениеттану ғылымының кандидаты, Астрахань Мемлекеттік техникалық университетінің доценті, Л.Э.Раджаби – Саратов Мемлекеттік консерваториясын үздік аяқтап, сол оқу орнына жұмысқа қалып, қазір Санкт-Петербургте , Рессейдің ең көне орта кәсіби музыкалық білім беретін, орыс классикалық – музыкалық тәрбие берудің дәстүрлерін сақтап қалған, Н.А.Римский – Корсаков атындағы музыкалық училищеде сабақ береді. Бұл оқу орнының педагогикалық ұжымын тек солтүстік астанада ғана емес, бүкіл Ресейде жоғары бағалайды.
Қазір бөлімдегі 8 оқытушының тәжірибесі мол, жүмыс өтілі мен біліктілігі жоғары. Олар колледжде «ойлау орталығы» ретінде әкімшілік пен студенттер арасында биік мәртебеге ие.
Оқу, әдістеме, шығармашылық жұмыстардан бөлек, бөлім оқытушылары студенттер арасында конкурс, викторина, мерейтойлық кештер, концерттер, балалар музыка мектебі арасында олимпиадалар өткізеді. Радио, телеарналарда бағдарламаларға қатысып, облыстық, республикалық басылымдарға мақалалар шығарып отырады. Бөлім ары қарай да жаңа жетістіктерге жетері сөзсіз.
Музыка теориясы бөлімінің білім алушылары өз оқытушыларымен. Солдан оңға қарай педагогтар: (төменгі қатарда) М.Э.Васильева, О.В.Роецкая, А.Б. Иванова, А. Д.Исмагулов, Т.Н.Соловьева, Г.Н. Скурыдина, З.Д. Амерханова;
(ортаңғы қатарда) И.Г. Цуркан, (жоғарғы қатарда ) О.Ю. Ламина, Н.М.Рамбоусик. 1990-шы жылдар
Бөлім оқытушылары. 1990 жылдары.
Алдыңғы қатарда солдан оңға қарай – О.Ю.Ламина, А.Б.Иванова, О.В.Роецкая, Н.М.Рамбоусик, жоғарғы қатарда – А.Д.Исмагулов, З.Д.Амерханова, В.Н.Агафонова,
Г.Н.Скурыдина.
Бөлім оқытушылары.1996ж.
Төменгі қатарда солдан оңға қарай: – М.Р.Гришукова, З.Д.Амерханова, М.Э.Васильева, Г.Н.Скурыдина; жоғарғы қатарда – А.Б. Иванова, А.Д.Исмагулов, Т.Н.Соловьева, О.В.Роецкая.
Солдан оңға қарай отырғандар – Г.Н. Скурыдина, А.Ж. Калиева, А.Д. Исмагулов, М.Р. Гришукова; жоғарғы қатарда – О.В.Роецкая, З.Д.Амерханова, А.Б.Иванова, Л.Н.Карнаух, Ж.А.Канымкулова, Т.Н.Соловьева. 2001 жыл
Солдан оңға қарай отырғандар – З.Д.Амерханова, А.Б.Иванова, Н.Б.Конурбасова, Б.А.Жаманбаев, А.Д.Исмагулов;
жоғарғы қатар солдан оңға қарай – М.К.Кожанова, Д.С.Дуйесинова, М.Р.Гришукова, Е.Тихомирова, Т.Крюковская, Т.Н.Соловьева. 2005 жыл
Төменгі қатар солдан оңға қарай – М.К. Кожанова, М.Р. Гришукова, Н.А. Ержанова; жоғарғы қатар солдан оңға карай – А.С. Давлетова, З.Д. Амерханова, Г.Н.Скурыдина, Т.Н.Соловьева, А.Д.Дабылова. 2011 жыл
Бөлім оқытушылары солдан оңға қарай – К.Б.Далишова, З.Д.Амерханова, М.К.Кожанова, А.Д.Исмагулов, А.Б.Иванова, М.Е. Курманбаева, Т.Н.Соловьева, Ж.А.Канымкулова. 2021 жыл