• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру

    1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы
    2 Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
    3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері 1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 2 (екі) жұмыс күні.
    Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір күннен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;
    2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
    4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Қағаз жүзінде
    5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Белгіленген тәртіппен расталған көрсетілетін қызметті беруші басшысының білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрығының көшірмесі не Қағидалардың 3-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру нысаны: қағаз жүзінде.
    6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
    7 Жұмыс кестесі 1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
    2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.
    Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тандауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз “электронды” кезек күту тәртібінде жүзеге асырылады, электронды кезекті “электронды үкімет” порталы (бұдан әрі – портал) арқылы брондауға болады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары:
    1)Министрліктің интернет-ресурсы: www.edu.gov.kz;
    2)Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсы: www.gov4c.kz.
    8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
    1. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
    сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі;
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ДКК қорытындысы;
    ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) туберкулезге қарсы ұйымның ОДКК шешімі;
    әскери қызметке шақырылған білім алушыларға академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз;
    бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) туу, ұл немесе қыз бала асырап алу туралы (куәлік) құжаттар.
    2.Мемлекеттік корпорация арқылы:
    сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ДКК қорытындысы;
    ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) туберкулезге қарсы ұйымның ОДКК шешімі;
    әскери қызметке шақырылған білім алушыларға академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
    3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз;
    бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін:
    1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш.
    Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, баланың тууы, ұл немесе қыз бала асырап алуы туралы куәліктерді “электронды үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті берушіге беру үшін қағаз тасымалдағышта басып шығарады.
    Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.
    Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
    Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ, құжаттар дұрыс болмаса және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
    9 Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
    10 Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар 1) Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.
    2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 77777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
    3) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің : www.edu.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Жүктеу
    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"