- Жалпы ережелер
- Ақтөбе А.Қ.Жұбанов атындағы музыкалық колледжіне 2024-2025 оқу жылына қабылдау ережесі қабылдау тәртібін айқындайтын «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №578 Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжіне негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
3. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжіне оқуға түсу кезінде “Білім туралы” Қазақстан Республикасы Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдау квотасы көзделеді.
Қабылдау квотасының мөлшері “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығымын бекітілген.
2. Техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі
- А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжіне оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары жұмысын 10 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.
Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді. - А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде мамандық бойынша шығармашылық емтихандарды өткізу үшін күнтізбелік жылдың 20 маусымынан кешіктірмей емтихан комиссиясы мүшелері кіреді.
- Қабылдау және/немесе емтихан комиссияларының шешімдері, егерде отырыста олардың құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса және қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданса, заңды болып табылады. Қабылдау және/немесе емтихан комиссиялары мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.
Қабылдау комиссиясының қорытынды отырысында аудио-немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио-немесе бейнежазба колледж мұрағатында кемінде бір жыл сақталады.
- Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясының жұмысын білім беру ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ТжКОББ ұйымы жүргізеді.
- А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі қабылдау комиссиясының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.
- Тұлғалардың колледжге оқуға өтініштерін қабылдауоқудың күндізгі нысанына 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы білім беру ұйымына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) не «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
- Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады.
- Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Стандартта келтірілген.
- Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
- Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
- Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері қағаз жеткізгіште немесе құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту туралы жауап жолдайды.
- Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға колледж құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны осы Қағидаларға3-қосымшаға сәйкес жолдайды.
- Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыскүні ішінде қаралуға жатады.
- Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
- Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледж тіркеу журналдарына тіркеледі.
- 9-тармақта көрсетілген оқуға түсушілердің қабылдау квотасы көзделген адамдарға тиесілігін растайтын құжаттар қабылдау комиссиясына тиісті құжатты күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін ұсынады.
- Колледж қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап білім беру ұйымының сайтында орташа конкурстық балды көрсете отырып, талапкерлер мен қабылдау квотасы көзделген тұлғалардың тізімдік құрамын қалыптастырады және оның күнделікті жаңартылуын қамтамасыз етеді.
- Кәсіби диагностиканың қорытындысы бойынша талапкерге мамандықтар мен ұсынылатын мамандықтар бойынша кәсіптер картасын алуға ұсынымдар беріледі. Кәсіби диагностиканың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
- Колледж мемлекеттік тапсырысы бойынша өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға түсетін адамдар арнайы және/немесе шығармашылық емтихандар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өткізіледі. Арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың тақырыптарын колледж дербес белгілейді.
- Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды 21 мен 28 шілдесі аралығында белгіленеді.
- Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарға қатысу үшін мүгедек балалар мен мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) мүгедектігі туралы анықтаманы ұсынған кезде, «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде, қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:
1) жеке аудитория ұсыну;
2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған арнаулы немесе шығармашылық емтихан шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш бере алады.
27.Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның нысаны мен өткізу тәртібін (күні, уақыты, өткізілетін орны, консультациялар) емтихан комиссиясының төрағасы бекітеді және өтініш қабылдау кезінде оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.
- Оқуға түсушіні арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
- Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялау уақыты мен орны және апелляцияға өтініш беру рәсімі көрсетіледі.
Арнайы және шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде:
1) арнайы және шығармашылық емтихандар «2», «3», «4», «5» болып бағаланады:
2) шығармашылық емтихан бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған өнер және мәдениет мамандығына түсетін адамдар келесі емтиханға, конкурсқа жіберілмейді.
- Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның қорытындылары бағалау ведомосімен ресімделеді. Арнайы және шығармашылық емтихандар өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі, ол колледж мұрағатында кемінде бір жыл сақталады.
- Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның, сондай-ақ психометриялық тестілеу нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады және ақпараттық стендтерде немесе колледж интернет-ресурстарында емтихан өткізілетін күні орналастырылады.
- Колледжде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледж басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша колледж педагогтердің санынан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
- Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді. Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
- Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
- Арнайы және/немесе шығармашылық емтиханның нәтижелерін колледж мемлекеттік тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурсқа (бұдан әрі – Конкурс) қатысу үшін білім басқармасының ақпараттық жүйесіне жібереді.
- Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсетін адамдар конкурсқа арнайы және шығармашылық емтихандардың қорытындысы бойынша жіберіледі.
- Конкурсқа өтініш берген кезде оқуға түсушілер облыстың бекіткен төрт мамандыққа, біліктілікке (қажет болған жағдайда), ТжКОББ-дан кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссиялар бекіткен ТжКОББ-ның төрт ұйымына дейін, оқыту тілін (қазақ, орыс, ағылшын), білім деңгейін таңдайды.
- Конкурсты Білім басқармасы (білім беру, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарын қоспағанда)талапкерлерді білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық балына автоматты түрде бөлу арқылы, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа балы бойынша және қабылдау квотасын ескере отырып, ТжКОББ ұйымы өткізген арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша алынған бағалардың (балдардың) орташа балы бойынша өткізіледі.
- Талапкерлерді автоматты түрде бөлуді Білім басқармасы айқындаған ақпараттық жүйесінде (білім беру платформасы) жүзеге асырылады.
- Білім беру, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі колледжге түсетін адамдар арасындағы Конкурсты колледж автоматтандырылған жүйені қолдану арқылы жүргізеді.
- Мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасындағы Конкурс күнтізбелік жылдың 29 шілде мен 2 тамызы аралығында өткізіледі.
- Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша бейіндік пәндер тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалады.
- Орташа конкурстық балл (бұдан әрі – ОКБ) олардың жалпы санына осы Қағидаларға 4,5-қосымшаларда көрсетілген пәндер үшін бағалар сомасының орташа мәні ретінде айқындалады.
- Бағалардың орташа балы:
негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) – үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан:
ОКБ = (МП+БП1+БП2)/БС
Мұнда: МП-міндетті пәннің бағасы;
БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;
БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;
БС-бағалар саны;
- Орташа конкурстық бал тең болған кезде білім туралы құжаттың орташа балы, сондай-ақ № 261 қаулыға сәйкес квота санаты ескеріледі.
- Басқа елдің білім туралы құжаты бар адамдар үшін білім туралы құжатта осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген міндетті және бейінді пәндер болмаған кезде міндетті және бейінді пәндердің тізбесін ақпараттық жүйе арқылы колледж қабылдау комиссиялары белгілейді.
- Білім басқармасы негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасында конкурс қорытындыларын ресми интернет – ресурстарда күнтізбелік жылдың 23 тамызында, жалпы орта білім беру базасында күнтізбелік жылдың 25 тамызында жариялайды, сондай-ақ талапкерлерді конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.
- Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы 31 тамызына дейін ақпараттық стенділерге немесе колледж интернет – ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.
Нысан
Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда) немесе
көрсетілетін қызметті алушы
ұйымының атауы
____________________________
(көрсетілетін қызмет алушының
мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат
“Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабын басшылыққа ала отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы ___________________________________ (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау” мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбағаныңызға және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты _________мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ____________________;
2) ____________________;
3)….
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/
білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда) _________ (қолы)
Орындаушының Т.А.Ә.
Телефоны __________
Алдым: Т.А.Ә. /көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 ___ жылғы “___” ______________
Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгілік қағидаларына
3-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың алынғаны туралы қолхат
Оқу орны _________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
__________________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)
Құжаттардың қабылданғаны туралы № _________ қолхат
_____________________________ мынадай құжаттар алынды:
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)
- Өтініш
- ________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қабылдады Т.А.Ә. (бар болса) _________ (қолы)
20__ ж. “__” _____________
Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімнің білім
беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
4-қосымша
Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны
Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының коды | Мамандықтың атауы | Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны |
Негізгі орта (жалпы негізгі) білім базасында, бастауыш (“Хореография өнері” мамандығы (біліктілігі “Балет әртісі”) білім базасында | ||
021 Өнер | ||
02150900 | Әлеуметтік-мәдени қызмет (түрлері бойынша) | Экзерсис пен комбинация (немесе этюдтар және қойылымдар), Шығармашылық қабілеттерін айқындау |
02151000 | Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша) | Экзерсис пен комбинация (немесе этюдтар және қойылымдар), Шығармашылық қабілеттерін айқындау |
02150100 | Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан |
02150300 | Вокалдық өнер | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан |
02150200 | Музыка теориясы | Сольфеджиодан ауызша емтихан, музыка әдебиетінен ауызша емтихан |
02150400 | Хорды дирижерлау | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан |
Техникалық және кәсіптік білімнің
білім беру бағдарламаларын
іске асыратын
білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың
үлгі қағидаларына
қосымша
Мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі
Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды | Мамандықтың атауы | Бейіндік пән атауы |
Негізгі орта білім (жалпы негізгі) | ||
021 Өнер | ||
02150900 | Әлеуметтік-мәдени қызмет (түрлері бойынша) | 2 шығармашылық емтихан |
02151000 | Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша) | 2 шығармашылық емтихан |
02150100 | Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) | 2 шығармашылық емтихан |
02150300 | Вокалдық өнер | 2 шығармашылық емтихан |
02150200 | Музыка теориясы | 2 шығармашылық емтихан |
02150400 | Хорды дирижерлау | 2 шығармашылық емтихан |
Техникалық және кәсіптік
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
6-қосымша
Өтініш нысаны
Түсушінің аты-жөні ____________
ЖСН _____________________
Бірінші мамандықтың атауы және коды және ТжКОББ ұйымының атауы
__________________________________
Екінші мамандықтың атауы және коды және ТжКОББ ұйымының атауы
Үшінші мамандықтың атауы және коды және ТжКОББ ұйымының атауы
Төртінші мамандықтың атауы және коды және ТжКОББ ұйымының атауы
Базалық білім ________________
Оқу тілі _____________________
Қабылдау квотасы қарастырылған _____________________________
(қажетті санатты белгілеу қажет)
Конкурс өткізу бойынша Бірыңғай нұсқаулықпен таныстым
Дербес деректерді жинақтауға, өңдеуге келісім беремін: ия (жоқ)
Жауапты хатшы: М.C. Сапаров(21-08-46; 87021372127)