Кәсіби пианистерді даярлау – музыкалық оқу орындары қызметінің ең маңызды бағыты, себебі фортепиано – танымал, әмбебап және әлемдегі музыкалық аспаптардың ең сүйіктісі. Сондықтан, 1972 жылы Ақтөбе музыкалық училищесінде фортепиано бөлімі ашылды.
Бітірушілерге берілетін «БММ фортепиано оқытушысы және концертмейстер» деп берілетін квалификация (біліктілік), музыкалық білім беруде дәстүрлі түрде сұранысқа ие еді. Сол себепті болар фортепиано бөлімі училищеде ең беделді бөлім болды.
Ақтөбе тарихында кәсіби пианистерді даярлауда бөлімді 20 жылдан артық басқарған – Надежда Ивановна Ткаченконың орны бөлек.
Н.И.Ткаченко
Мамандыққа деген сүйіспеншілік, өзгелерге ғана емес, өзіне де талапшылдығы оны басқалардан ерекше етті. Н.И.Ткаченко оқытушылар арасында алғашқы болып асиссентура – стажировканы бітірді. Өзінің талмас еңбегі үшін Білім Министрінің Грамотасымен марапатталды, 130-дан аса лайықты оқушылар тәрбиеледі.
Н.И.Ткаченко класының түлектері. Төменгі қатар (солдан оңға қарай )- Р.Бондаренко, Г.Буреева, Н.И.Ткаченко, К.Еремеев, Г.Юскеева
Жоғарғы қатар ( солдан оңға қарай)- С. Жансуйгенова, В.Медведева, М.Трехманенко, Э.Блюм, Г.Базардинова
1978 жыл
Аға буын катарына жататын «Құрмет белгісі» орденінің иегері Лариса Николаевна Захаркина колледжде 30 жылдан аса еңбек етіп, 70- тен аса пианистерді тәрбиелеп шығарды.
Л.Н.Захаркина
Лариса Захаркина көп жылдар бойы аралас хорды сүйемелдеп, концертмейстер ретінде көптің есінде қалды.
Бөлімде шығармашыл, эмоционалды, сонысымен оқушыларын да жандандыра алатын ерекше оқытушы А.Д.Агафонов болды. Ол Қазақстанда ғана емес, алыс, жақын шет елдерде еңбек ететін 30 – дан аса пианистерді оқытып шығарды.
Жоғарғы қатар солдан оңға қарай – Е.Ломакина, Э.Новицкая, Л.Бурганова, О.Бутова, Г.Шевцова , төменгі қатар -А. Хахам, А.Д.Агафонов, Л.Ульман, Г.Бурханова, И.Довбыш. 1979 жыл
Осындай беделді оқытушылармен бірге, 1997 жылдары бөлімде Е.М.Москалец пен И.Г.Красношлыкова жұмыс жасады.
Қазірде колледжде алғашқы аға педагогтармен қатар олардың түлектері, оқытушы-пианистар бар. Олар: М.И.Трехманенко, М.Д.Шаргазина, Н.А.Гошуренко.
Л.А.Самохина қаланың үздік концертмейстері, Ақтөбеге келген отандық және әлемдік жұлдыздарды сүйемелдейді.
1990 жылдары пианистарды оқытуды Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын аяқтаған тұлғалар жалғастырды. Ш.Б.Кабдраманова – музыкалық психологияны оқытуға әдістемелер жазды. Н.Г.Чугунова облысқа белгілі Ғ.Жұбанова атындағы филармонияның концертмейстері, халықаралық конкурстардың лауреаты, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Д.А.Арынғазиеваның еңбек жолына жолдама берді. Н.И.Чугунованың тағы бір түлегі Ш.Б.Кульсеитова республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің фортепиано, орган кафедрасының аға оқытушысы, аспиранттардың меңгерушісі.
Бөлім оқытушылары. М.И.Трехманенко, А.Д.Агафонов (кіші), Н.И.Ткаченко, Л.Н.Захаркина, Ш.Б.Кабдрахманова. 1991 жыл
Осы уақыттан бастап 30 жылдық педагогикалық қызметін Н.У.Гафарова бастады, кейін оның орнын оқушылары О.П.Гениберг пен Э.Г.Жазықбаева жалғастырды.
Колледж оқытушылыры мен білім алушлары. Төменгі қатар солдан оңға қарай – В.Верясова, С.Касьян, О.Гнатий, Т.Христофорова, жоғарғы қатар – А.Д.Исмагулов, Д.А.Ниязова, Н.У.Гафарова. 2001 жыл
Бөлімнің оқытушылар ұжымы озінің бұрынғы түлектері, Алматы консерваториясын аяқтап, туған колледжіне келген жас мамандармен толығып отырады. Олар: Т.Е.Семенова, А.Д.Агафонов (кішісі), С.В.Самохина, Е.В.Теплинская.
1990 жылы Уфа өнер институтын бітіріп келген А.С.Давлетова жұмысқа қабылданды.
Колледж оқытушылары: А.С.Давлетова, М.И.Трехманенко, Н.И.Ткаченко, Л.Н.Захаркина, С.В.Самохина, отырған — Н.Т.Чугунова. 1996 жыл
Ол пианистерді дайындаудың бастапқы кезеңіне көп көңіл бөліп, балалар музыка студиясы, балалар музыка мектебі оқушыларынан облыстық деңгейден халықаралық деңгейге дейінгі лауреаттарды тәрбиеледі. Оның класының түлектері А.Б.Данияр, А.А.Дунаева, А.А.Абдрахманова, А.А.Арипова жоғары оқу орындарын аяқтап, қазіргі уақытта колледждің жас оқытушылары.
А.С.Давлетова түлектері А.Искаков пен А.Абдрахмановамен
Бөлімді 2010 жылдан бері Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының түлегі Диляра Казимовна Фаизова басқарады. Ол бөлімдегі жарқын жеке тұлғаларды, біліктілігі жоғары кадрларды даярлауда түрлі қиын міндеттерді шеше алатын, ынтымақшыл ұжымға біріктіре алды.
Бөлім меңгерушісі-Д.К.Фаизова
Фортепиано бөлімінің білім алушыларының басым бөлігі облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың дипломанттары, лауреаттары.
А.Жұбанов атындығы музыкалық колледжінің фортепиано бөлімінің жарты ғасырлық шығармашылық жолын қортындыласақ, 360-тай кәсіби пианистерді даярлады. Олар Қазақстан мен шет елдерде: Ресей, Украина, Германия, Израиль, Греция, АҚШ, Біріккен Араб елдерінде абыройлы еңбек етіп жүр. Солардың арасында Т.Семенова – Одесса консерваториясының концертмейстері, А.Дворкина, А.Карабалина, В.Трегулова –Біріккен Араб елдерінде, А.Анешова – АҚШ-тың Флорида штатында музыка мектебінің оқытушысы.
Фортепиано бөлімінің білім алушыларының басым бөлігі облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың дипломанттары, лауреаттары.
2017 жыл
ҚР Тұңғыш Президенті Қорының алғашқы стипендианттары: Д.Шаукембаева, А.Бейсенова
М.И.Трехманенко және Д.К.Фаизова, лауреаттар.Н.Кириченко, А.Абдуловой, А.Кулимовой
Осының бәрі пианистер ұжымының, көп күттірмей-ақ, жаңа шығармашылық белестерді меңгеруіне негіз болары анық.
Төмеңгі қатарда, отырғандар: А.С.Давлетова Л.А.Самохина М.И.Трехманенко.
Жоғары қатарда солдан оңға қарай: А.А.Абдрахманова, , М.Д,Шаргазина , Д.К.Фаизова , А.Е.Арипова, , Н.А.Гошуренко, О.П.Гениберг.