• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • Ішекті аспаптар бөлімі

    Ішекті аспаптар симфониялық оркестрдің ең көп бөлігін құрағанымен,  А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінде бұл аспаптарда ойнауды оқыту бәсең дамыды. Басқа бөлімдерде колледжді тұрақты жұмыс орны деп санайтын  пікірлес ұжым тез қалыптасса,  ішекті аспаптар  бөлімінде оқытушылар  түрлі себептермен, соның ішінде отбасылық жағдайларымен  көп тұрақтамады. Осыған байланысты ішекті аспаптар бірде өзі бөлек болса, бірде үрмелі аспаптар бөлімінде оркестр құрады.

                Енді осы «тікенді» жолды кезеңімен еске түсірейік.

                1973 жылы Ақтөбе музыкалық училищесіне алғашқы директор К.Ү.Қожанбаевтың Ресейден  шақыруымен келген, Татьяна Николаевна Успенскаяның ыждағаттылығы мен табандылығының арқасында шекті аспапта оқытудың алғашқы жыл құсы сияқты – скрипка класы ашылды.

    Скрипкашылар ансамблі және жетекшісі Т.Н.Успенская.  1974жыл

                Нағыз кәсіби маман ретінде өскен, өз кезегінде бірнеше талантты орындаушы ұрпақтарды тәрбиелеген  Татьяна Николаевнаның оқушылары: Л.Ерохина (Полегонько), В.Асфандиярова (Яхудина), И.Вихляев, В.Шинкарев, О.Шудловская, М.Бышкина және т.б.

    Скрипка класының алғашқы түлектерінің бірі  -В.Асфандиярова (Яхудина)

    1973-1977 оқу жылдары

                Ақтөбе музыкалық колледжінде А.П.Самохин  40 жыл үздіксіз   оқытушылық кызмет атқарды.. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын  «альт» мамандығы бойынша  бітірген А.П.Самохин тек альтисттерді емес, скрипачтардың да бүтіндей ұрпағын тәрбиеледі. Оның оқушылары: Е.Дербина, Д.Суюндыкова, И.Печеруш, Г.Тогисова, А.Ермекбаева, З.Хамзина, Г.Жумагазина, А.Бижанова, К.Коваленко (Рудченко), Д.Ермекбаева.

    Суретте Ішекті аспаптар бөлімінің Альт класының оқытушысы А.П.Самохин

                Өткен ғасырдың соңғы жылдары А.П.Самохинмен бірге жұмыс істеген Г.Н.Нугметова, И.Н.Агафонованың оқушы – скрипачтары: В.Воронина, Н.Теплова, А.Муканова, З.Садулаевалар қазіргі күнде педагогтық қызметті абыроймен жүргізіп келеді.

    Скрипка класының түлектері;: (солдан оңға қарай) Е.Агафонова, В.Воронина, Р.Джаманова, А.Муканова, А.Шарапова, З.Садулаева, А.Акимова. 1994 жыл

                Кейін скрипка класын Н.И.Воронова жүргізсе, ішекті аспаптар бөлімін басқарған, ал  Е.С.Надель – камералық ансамбль мен квартет класының мұғалімі болды.

    Колледждің камералық оркестрі.  Оқушылар  (солдан оңға қарай)   З.Хамзина, А.Бижанова, Г.Жумагазина, К.Коваленко  (Рудченко), А.Куберский және скрипка класының оқытушысы Н.И.Воронова (Никифорова) . 2013жыл

                2005 жылдан  колледжде өз еңбек жолын  бастап, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған Л.М.Исмухамбетова (Ауесова)  класын бітіргендер: А.Сибағатова, С.Косниязова, А.Куберский, А.Рымбаева, А.Тастанбекова, А.Жақсыбай, А.Уразалина. Оның өз мамандығына деген сүйіспеншілігімен атқарған қызметінің дәлелі:  концерттердегі жарқын ойындары мен түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуымен  жеткен жеңістері.

    Скрипкашылар ансамблі.  Скрипка класының оқытушысы Л.М.Исмуханбетова (Ауесова), колледж түлектері: К.Коваленко (Рудченко), З.Хамзина, Д.Тонигольд, А.Рымбаева, Г.Жумагазина. 2013 жыл

                Өкінішке орай, бөлімде жоғары білімді кәсіби мамандар Л.Г.Криворук, Э.Д.Елемесова, В.Г.Зрячев, А.М.Гильмановалар жұмыс жасаса да виолончель, контрабас мамандықтарына даярлау әлі де тұрақты емес.

    Оқытушы  А.М.Гильманова

                Ақтөбеде ішекті аспапта орындаушыларының қалыптасуына  Ю.М.Гафуров үлкен үлес қосты, ол алғаш рет колледжде камералық оркестр ұйымдастырып, оның дирижері болды.

    Дирижер Ю.М.Гафуров  1975 жыл

                Осы бағыттағы оның жұмысын «ҚР  Мәдениет үздігі» А.А.Ермекбаев және К.М.Дүйсенбаев жалғастырып, ұжымды,  оның репертуарын  кеңейтті.

    Камералық  оркестр  жетекшісі А.А.Ермекбаев.  2012  жыл

    Камералық  оркестр  жетекшісі К.М.Дуйсенбаев. 2019 жыл

                Қазіргі күні бөлімді колледж түлегі, кейін Қазақ Ұлттық Өнер Университетін бітірген А.М.Сибагатова  басқарып, жеке бөлім ретінде қалыптасуын, дамуын жалғастырып отыр. Оған контрабасист Б.Т.Сұлтанмұратов, виолончелистер А.Ж.Сайлауова мен А.А.Корчагина, альтист Г.К.Азбергенова қосылды.

    Бөлім оқытушылары, солдан оңға қарай – Г.К.Азбергенова, А.А.Корчагина, Б.Т.Султанмуратов, А.М.Сибагатова, А.Ж.Сайлауова. 2021 жыл

          Бөлімнің жас, жігерлі, өршіл педагогтары белсенді шығармашылық  жұмысқа, бөлімнің беделін арттыруға,  А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің  жетістіктерін сақтай отырып, атағына сай деңгейде еңбек етуге дайын.

          Өзінің мамандығына, өмірлік жолын айқындаған оқу орнына деген ыстық ықыласын колледж түлегі, кейін оқытушылық қызмет атқарған И.Н.Быць былай білдірді: «Біздің кәсіпті ұялмай эксклюзивті деп айтуға болады. Біріншіден, Алланың саған берген есту қабілеті, екіншіден, халыққа шуақты, жарқын күй сыйлауға дайын тұратын, баурап алып, рухани күш беретін адам жанының күйі.  Осындай жанға жайлы, рахат күйден бастау алатын жер – ол менің туған Ақтөбе музыкалық колледжім» ,-  дер едім.

    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"