• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • Ар-намыс кодексі

    Білім алушылардың ар-намыс кодексі

    Біз, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің (әрі қарай Колледж) білім алушылары мәдениет және өнер саласының жоғары білікті мамандарын даярлау бойынша Колледж миссиясын жүзеге асыру үшін өзіміздің жауапкершілігімізді сезіне отырып; Колледжде оқу орнының білім алушылары, қызметкерлері мен әкімшілік арасында демократиялық қарым-қатынасты қалыптастырып және Ақтөбе облысымен Қазақстанның кәсіби кадрларын даярлау орталығы мен білім беру жүйесінің жетекші мекемесі ретінде Колледж имиджін сақтап, этика ережесін сақтауды міндет санай отырып «А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі» МКҚК Білім алушыларының осы Ар-намыс кодексін қабылдаймыз және оны орындауға міндеттенеміз.

    «А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі» МКҚК-ң Ар-намыс кодексін (әрі қарай – Кодекс) назарға ала отырып, өзіміздің ізбасарларымызға осы Кодексті анықтау және толықтыру құқығын қалдырамыз.

    Осы Кодекс колледж білім алушылары тәртібінің этикалық негіздерін реттейді.

    «А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі» МКҚК-ң Ар-намыс кодексін қабылдай отыра міндеттенеміз:

    1 бап. Қазақстан Республикасының Конституциясын және қолданыстағы заңнамасын, колледждің Жарғысын, Колледждің ішкі тәртіп Ережесін және басқа да нормативтік актілерін сақтауға.

    2 бап. Қазақстан Республикасының беделді азаматы, таңдаған мамандығында кәсіби болуға, өз бойында шығармашылықты тұлғаның ең жақсы қасиеттерін дамытуға.

    3 бап. Колледж имиджін сақтауға, оның дәстүрлерін бағалауға және құрметтеуге.

    4-бап. Белсенді, шығармашыл тұлғаны дамытуға, колледждің корпоративтік мәдениеті мен имиджіне бағытталған барлық әрекеттерді қажетті және пайдалы деп санауға.

    5 бап. Салауатты өмір салтын ұстануға және насихаттауға, зиянды дағдылардан толық бас тартуға.

    6 бап. Колледждің басқа білім алушыларымен, оқытушыларымен, қызметкерлерімен және әкімшілігімен қарым-қатынас барысында ізеттілік, әдептілік, құрмет танытуға.

    7 бап. Жыныстық, ұлттық немесе діни айырмашылық бойынша кемсітушілікті болдырмауға.

    8 бап. Колледждің мүлкін, соның ішінде кітапханалық-ақпараттық ресурстарды сақтауға, тазалық пен тәртіпті қадағалауға және вандализмге жол бермеуге.

    9 бап. Колледжден тыс жерде мәдениеті жоғары колледждің өкілі екенін есінде сақтауға және оның намысы мен абыройын сақтауға бар күшін салып тырысуға.

    10 бап. Оқу үрдісі барысында әділетсіздік, ұқыпсыздық және ниетсіздікті жіберу қолайсыз деп санап, оқуға және барлық білімді бақылау нысандарына адал ниетпен қарауға.

    11 бап. Өзінің оқу міндеттерін қатаң орындауға, этикалық, академиялық және құқықтық бұзушылықтарды жібермеуге, соның ішінде:

    · парақорлық;

    · сабақты себепсіз босату;

    · кешігу;

    · оқытушыны алдау және сыйламау;

    · сабақ уақытында тәртіп бұзушылық;

    · жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарды пайдалану.

    12 бап. Колледждегі барлық жемқорлық әрекеттермен белсенді күресуге.

    13 бап. Дресс-код сақтау – ұқыпты көріну: Оның сыртқы түр-келбеті этикалық нормаларына сәйкес келуі керек, киімнің классикалық стилін сақтауға.

    14 бап. Кодекс ережелері бұзылғанын байқағанда оны өз күшімен түзетуге тырысуға немесе бұл туралы әкімшілікке хабарлауға.

    15 бап. Білім алушыларды ынталандыру. Жоғары үлгерім, дене шынықтыру-спорттық және қоғамдық өміріне белсенді қатысқандығы үшін білім алушылар үшін келесідей ынталандыру түрлері орнатылады:

    · Алғыс жариялау;

    · Грамоталармен марапаттау;

    Марапаттау директордың бұйрығымен жарияланып, жиналыс немесе сапқа түзілу барысында білім алушыларға жеткізіледі;

    Үлгерімі жоғары, тәртіпті, спорттық, мәдени-бұқаралық, қоғамдық жұмыстарда жетістіктері бар білім алушылардың ата-аналарына колледж директорының (ОЖ бойынша, ТЖ бойынша орынбасарлардың, бөлім меңгерушілерінің) алғыс хаттары жіберіледі.

    16 бап. Білім алушылардың ішкі оқу тәртібін бұзғандығы үшін жауапкершілігі: Колледждің бекітілген Ішкі оқу тәртібі ережелерін бұзу тәртіптік бұзушылық болып табылады, оларды орын алуына жол бергендігі үшін келесі тәртіптік жазалау түрлерінің бірі қолданылуы мүмкін:

    · Ескерту;

    · Сөгіс;

    · Колледжден шығару.

    Тәртіптік жаза амалдарын пайдалану және таңдау құқығы тәртіп бұзушының кінәлілік деңгейіне, жасаған қылығының ауырлығына, тәртіп бұзушының алдағы және кейінгі тәртібін және тәртіп бұзушылық орын алған жағдайларға қатысты колледж директорына және құзыретті лауазымды тұлғаларға беріледі;

    17 бап. Білім алушылар Колледжден шығарылуы мүмкін:

    · Өзінің қалауы бойынша;

    · Басқа білім беру мекемесіне ауысуына байланысты;

    · Академиялық үлгермеушілігі үшін (емтихан сессиясын 3 және одан көп пәндер бойынша тапсыра алмаған; бекітілген мерзімде академиялық қарызын жоймаған; тағылымдама бағдарламасын орындамаған; тағылымдама бойынша есепті қорғау кезінде қанағаттанарлық емес баға алған және емтихан бойынша екі қанағаттанарлық емес бағасы бар);

    · Колледж жарғысын, Ішкі оқу тәртібі ережелерін, жатақханалардағы Ішкі тәртіп ережелерін, колледж басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді жүйелі (немесе қатаң) бұзғандығы үшін;

    · Жалған ақпараттар берілген құжаттарды ұсынуына байланысты;

    · Соттың білім алуды жалғастыру мүмкіндігі қарастырылмаған жазалау шарасы тағайындалған үкімі өз күшіне енуіне байланысты;

    18 бап. Колледж жатақханалардағы Ішкі тәртіп ережелерін жүйелі бұзатын білім алушылар жатақханада тұру құқығынан айырылуы мүмкін («А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі» Білім беру мекемесінің жатақханалар туралы Ережесіне, жатақханалардағы Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес);

    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"