Бүгін колледжімізге Мәдениет Қайраткері, қазақ музыкасы мен жалпы түрік музыкасының және мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген біртуар азамат Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР Мәдениет Министрі, Халықаралық Тюрксой ұйымының бас хатшысы қызметтерінде болған, профессор Касейнов Дюсен Курабайұлы келді. Ол колледждерді аралап, мәдениет саласының дамуына өз ойларын жеткізу, мамандардың ойларын тыңдау бойынша дөңгелек үстел өткізіп, сұрақтарға жауап берді.