• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • А.Қ.Жұбанов атындағы музыкалық колледжге 2026-2027 оқу жылына қабылдау ережесі:

    1. А.Қ.Жұбанов атындағы музыкалық колледжге 2026-2027 оқу жылына қабылдау ережесі:
      1. Жалпы ережелер
      2. Ақтөбе А.Қ.Жұбанов атындағы музыкалық колледжіне 2026-2027 оқу жылына қабылдау ережесі қабылдау тәртібін айқындайтын «Білім туралы» 2018 жылғы 18 қазандағы №578 Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2025 жылғы 03 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
        2. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжіне негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
        3. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжіне оқуға түсу кезінде «Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 қаулысына сәйкес  қабылдау квотасы қарастырылды.

                 1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 10 пайыз;

                2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,5 пайыз;

                3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 35 пайыз;

                4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;     

                5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;

                6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 5 пайыз;

                7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз;

                8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз;

                9) бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз;

               10) әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз.

       

      1. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі. Құжаттарды қабылдауды және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру
      2. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжіне оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары жұмысын 10 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.
        Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
      3. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде мамандық бойынша шығармашылық емтихандарды өткізу үшін күнтізбелік жылдың 20 маусымынан кешіктірмей емтихан комиссиясы мүшелері кіреді.
      4. Қабылдау және/немесе емтихан комиссияларының шешімдері, егерде отырыста олардың құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса және қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданса, заңды болып табылады. Қабылдау және/немесе емтихан комиссиялары мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

      Қабылдау комиссиясының қорытынды отырысында аудио-немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио-немесе бейнежазба колледж мұрағатында кемінде бір жыл сақталады.

      1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясының жұмысын білім беру ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ТжКОББ ұйымы жүргізеді.
      2. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі қабылдау комиссиясының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.
      3. Мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) бойынша техникалық және кәсіптік (жұмыс біліктілігі), орта білімнен кейінгі, орта буын мамандықтарына түсушілерді оқуға қабылдау колледж ұйымының жобалық мүмкіндігін ескере отырып, тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Жобалық мүмкіндік Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 381 бұйрық) бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес айқындалады..
      4. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі мемлекеттік тапсырысы бойынша тұлғаларды оқуға қабылдау конкурстық негізде тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
      5. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі өтініштерді қабылдау, арнайы және/немесе шығармашылық емтихандарды өткізу, конкурс және тұлғаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім негізінде ақылы негізде оқуға қабылдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті алушы:

            1) Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері үшін “электрондық үкімет” веб-порталында (бұдан әрі – Портал);

            2) шетелдік орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарының түлектері үшін ТжКОББ ұйымдарында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) алады.

            Бұл ретте, Портал арқылы өтініш бергенге дейін өткен жылдардағы түлектер балдарды автоматты түрде есептеу үшін білім беру ұйымдарында білім туралы құжатты цифрлық форматқа ауыстыруға тиіс.

            Құжаттар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау” мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес ұсынылады.

            Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы “бір өтініш” қағидаты бойынша “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға құжаттарды беру кезінде “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру” және “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алу үшін өтініш бере алады.

            Бұл ретте, “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметі “Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген), “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік көрсетілетін қызметі “”Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32226 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.

            Өтініште көрсетілген мемлекеттік қызметтерді ұсыну нәтижелері ТжКОББ ұйымына қабылдау қорытындылары бойынша ұсынылатын болады.

            Көрсетілетін қызметті алушы қабылдау қорытындысы бойынша күнтізбелік 3 күн ішінде білім беру қызметтерін көрсету туралы электрондық шартқа қол қояды. Шартқа қол қою туралы SMS-хабарлама mGov мобильді қосымшасының Bilim сервисінде жіберіледі.

      1. Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Тізбеде келтірілген.
      3. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беруді өтініш келіп түскен күні жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша қолхат береді.
      4. Құжаттарды Портал арқылы тапсырған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” көрсетіледі.
      5. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
      6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында не тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес қағаз жеткізгіште көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” жолдайды.
      7. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға ТжКОББ ұйымдарына құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жолдайды.
      8. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
      9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

            Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

            Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
      2. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер “Ұлттық білім беру деректер базасы” ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ҰБДБ) тіркеледі.

       

      1. Білікті жұмысшы кадрларды даярлауға оқуға түсушілердің саны мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға бөлінген орындардың санынан асып кеткен жағдайда, оқуға қабылдау осы Қағидалардың 60-тармағынасәйкес орташа конкурстық балл, сондай-ақ № 261 бұйрыққасәйкес квота санаты негізінде жүзеге асырылады.
      2. 9-тармақта көрсетілген оқуға түсушілердің қабылдау квотасы көзделген адамдарға тиесілігін растайтын құжаттар қабылдау комиссиясына тиісті құжатты күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін ұсынады.
      3. Колледж қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап білім беру ұйымының сайтында орташа конкурстық балды көрсете отырып, талапкерлер мен қабылдау квотасы көзделген тұлғалардың тізімдік құрамын қалыптастырады және оның күнделікті жаңартылуын қамтамасыз етеді.
      4. Кәсіби диагностиканың қорытындысы бойынша талапкерге мамандықтар мен ұсынылатын мамандықтар бойынша кәсіптер картасын алуға ұсынымдар беріледі. Кәсіби диагностиканың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
      5. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсетін адамдар арнайы және/немесе шығармашылық емтихандар, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес тапсырады. Арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың тақырыптарын колледж ұйымы дербес белгілейді.

      29 А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандар 21 – 28 шілдесі аралығында өткізіледі.

      1. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарға, сондай-ақ психометриялық тестілеуге қатысу үшін мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) “Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде, қажет болған жағдайда, емтихан комиссиясы төрағасының атына:

            1) жеке аудитория ұсыну;

            2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан шеңберінде тапсырылатын пәндердің оқытушысы болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілін білетін көмекшінің қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш береді.

      1. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның нысаны мен өткізу тәртібін (күні, уақыты, өткізілетін орны, консультациялар) емтихан комиссиясының төрағасы бекітеді және өтініш қабылдау кезінде оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.
      2. Оқуға түсушіні арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан, сондай-ақпсихометриялық тестілеу, әңгімелесу өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
      3. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан, сондай-ақ психометриялық тестілеу басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялау уақыты мен орны және апелляцияға өтініш беру рәсімі көрсетіледі.

            Арнайы және шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде:

            1) арнайы және шығармашылық емтихандар “2”, “3”, “4”, “5” болып бағаланады:

            2) медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеу “өтті” немесе “өтпеді” деген нысанында бағаланады;

            3) арнайы және шығармашылық емтихандар бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған адамдар келесі емтиханға, конкурсқа жіберілмейді.

      1. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның қорытындылары бағалау ведомосімен ресімделеді. Арнайы және шығармашылық емтихандар мен әңгімелесулерді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі, ол колледж мұрағатында кемінде бір жыл сақталады.
      2. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның, сондай-ақ психометриялық тестілеу нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады және ақпараттық стендтерде немесе колледж интернет-ресурстарында емтихан өткізілетін күні орналастырылады.
      3. Колледжде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледж басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша колледж педагогтердің санынан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
      4. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді. Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
      5. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
      6. Арнайы және/немесе шығармашылық емтиханның нәтижелерін колледж мемлекеттік тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурсқа (бұдан әрі – Конкурс) қатысу үшін білім басқармасының ақпараттық жүйесіне жібереді.
      7. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсетін адамдар конкурсқа арнайы және шығармашылық емтихандардың қорытындысы бойынша жіберіледі.
      8. Конкурсқа өтініш берген кезде оқуға түсушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекіткен төрт мамандыққа, біліктілікке (қажет болған жағдайда), ТжКОББ-дан кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссиялар бекіткен ТжКОББ-ның төрт ұйымына дейін, оқыту тілін (қазақ, орыс, ағылшын), білім деңгейін таңдайды.
      9. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдауды жүзеге асыратын колледж қабылданған талапкерлерді күнтізбелік жылдың 26 тамызына дейін мамандығын, біліктілігін көрсете отырып, білім басқармасының ақпараттық жүйесіне тіркейді.

      43 Конкурсты ҰБДБ ақпараттық жүйесі(білім беру, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарын қоспағанда)талапкерлерді білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық балына автоматты түрде бөлу арқылы, педагогикалық, медициналық мамандықтарға, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа балы бойынша және қабылдау квотасын ескере отырып, ТжКОББ ұйымы өткізген арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша алынған бағалардың (балдардың) орташа балы бойынша өткізіледі.

      1. Талапкерлерді автоматты түрде бөлуді ҰБДБ ақпараттық жүйесі жүзеге асырады.
      2. Білім беру, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі колледжге түсетін адамдар арасындағы Конкурсты колледж автоматтандырылған жүйені қолдану арқылы жүргізеді.
      3. Мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасындағы Конкурс күнтізбелік жылдың 23-24 тамызы аралығында өткізіледі.
      4. Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша бейіндік пәндер тізбесі осы Қағидаларға 4-5 қосымшаға сәйкес айқындалады.
      5. Орташа конкурстық балл (бұдан әрі – ОКБ) олардың жалпы санына осы Қағидаларға 4,5-қосымшаларда көрсетілген пәндер үшін бағалар сомасының орташа мәні ретінде айқындалады.
      6. Бағалардың орташа балы:

      негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) – үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан:

      ОКБ = (МП+БП1+БП2)/БС

      Мұнда: МП-міндетті пәннің бағасы;

      БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

      БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

      БС-бағалар саны;

      1. Орташа конкурстық бал тең болған кезде білім туралы құжаттың орташа балы, сондай-ақ № 261 қаулыға сәйкес квота санаты ескеріледі.
      2. Басқа елдің білім туралы құжаты бар адамдар үшін білім туралы құжатта осы Қағидаларға 5-қосымшадакөрсетілген міндетті және бейінді пәндер болмаған кезде міндетті және бейінді пәндердің тізбесін ҰБДБ ақпараттық жүйесі арқылы ТжКОББ ұйымдарының қабылдау комиссиялары белгілейді.
      3. Білім басқармасы негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасында конкурс қорытындыларын ресми интернет – ресурстарда күнтізбелік жылдың 25 тамызында, сондай-ақ талапкерлерді Порталдың 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы SMS хабарламамен Конкурс қорытындылары туралы хабардар етеді.
      4. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы 31 тамызына дейін ақпараттық стенділерге немесе колледж интернет – ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.

       

      Техникалық және кәсіптік білімнің

      білім беру бағдарламаларын

      іске асыратын

      білім беру ұйымдарына

      оқуға қабылдаудың

      үлгі қағидаларына

      қосымша

       

                 

      Мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

       

      Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды Мамандықтың атауы Бейіндік пән атауы
      Негізгі орта білім (жалпы негізгі)
      021 Өнер
      02150900 Әлеуметтік-мәдени қызмет (түрлері бойынша) 2 шығармашылық емтихан
      02151000 Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша) 2 шығармашылық емтихан
      02150100 Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) 2 шығармашылық емтихан
      02150200 Музыка теориясы 2 шығармашылық емтихан
      02150300 Вокалдық өнер 2 шығармашылық емтихан
      02150400 Хорды дирижерлау 2 шығармашылық емтихан

       

       

       Жауапты хатшы:                                                 М.С.Сапаров  (21-08-46; +7 702 137 2127)

    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"