• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • Жалпы пәндер бөлімі

             Колледжде жалпы пәндер бөлімі ерекше орын алады. Бір жағынан музыканттарға жалпы пәндерден  білім беру болса, екінші жағынан  тәрбиенің басты  мақсаты болып саналатын жан-жақты, үйлесімді  жеке тұлғаны қалыптастыру.

             1971 жылы Ақтөбе музыкалық училищесі ашылғанда кадр табу күн тәртібіндегі бірінші  мәселе болды, себебі бәрін шешетін кадр еді. Мамандық оқытушылары жетіспегендіктен  бүкіл сол кездегі Кеңес  Одағынан консерватория бітірген мамандар шақырылды. Училищеге ол кезде 9 сыныптан кейін де қабылданатын болғандықтан, онжылдық  орта  білімді меңгерту үшін жалпы пәндер оқытушылары да қажет болды. Оларды училищенің алғашқы директоры ҚҮ..Қожанбаев жеке әңгімелесу арқылы қабылдады. Алғашқыда жалпы пәндер бөлімі циклдық комиссия түрінде құрылды, оны басқарған Т.Н.Вятчинова еді. Татьяна Николаевна мақсатты айқын қоя білетін,табанды, бөлім  мәселесін  талап етіп, шеше алатын ерекше адам болды. Орыс тілі мен әдебиеті  пәнінен жас музыканттарды тәрбиелеуде жанын салып еңбек еткен, көптеген түлектердің сүйікті ұстазы  М.Х.Шынтасова оқытты. Қәзір М.Х.Шынтасова ардагер ұстаз, Ы.Алтынсарин медальнің иегері, жас ұстаздарға жол көрсетуші, колледжде өтетін салтанатты шаралардың құрметті конағы.

             Училищені алғашқы жылдары бітірген түлектердің  есінде  оқытушы Е.А.Имансудың қызықты өткен орыс тілі мен әдебиеті сабақтары, тарих пен құқық пәндерінің оқытушысы С.Д.Ментешашвилидің қаталдығы мен сабақты ғылыммен байланыстыра өткізген тәсілі, дене тәрбиесінен С.П.Ляляктың мейірімділігі,  түсіністік танытуы, неміс тілінен Г.К.Қожанбаеваның қайырымдылығы мен парасаттылығы , ұзақ жылдарға естерінде қалған болар.

            Бөлімнің дамуына  оқытушы ер азаматтардың  қосқан үлестерін ерекше атаса болады. Олар: математик – С.Г.Габдрахманов, химик – Ж.М.Иманкарин, әскери даярлық пәнінен В.К.Дорошин,тарихшы – И.М.Харитонов. Кейін бұлардың қатарына дене тәрбиесі пәнінен  С.И.Калиберда, тарихшы  Н.Е.Есенгараева, химия,биология пәнінен – Н.Н.Моргунова   және  училищенің бастауыш партия ұйымының хатшысы болып А.К.Туребаева қосылды.  Көп жылдар бойы  неміс тілінен  өз ісіне өте мұқият, оқытушылар мен студенттерді жұмсақ мінезімен, кішіпейілдігімен баурап алатын Г.М.Сайлыбаева сабақ берді.

    Солдан оңға  қарай: Н.Н.Моргунова, Т.Н.Вятчинова, М.Х.Шынтасова, Г.М.Сайлибаева. 1990жыл

             Колледж тарихында ерекше орны бар, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Ы.Алтынсарин атындағы және «Маман мақтанышы» төсбелгілерінің иегері А.Дабылова 1991 – 2017 жылдарда педагогика пәнін жүргізді. 30 жылдан астам уақыт А.Дабылова  студенттерді түрлі мәдени-қоғамдық шараларға, байқауларға қатыстыру  арқылы қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, азаматтық ұстанымдарын  қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, жастарды отансүйгіш, жан-жақты үйлесімді тұлға ретінде қалыптастыру жолында тынымсыз еңбек етті.

              Міне, осылай бөлімнің мызғымас негізі қаланды. 1990-2000 жылдары аға буынның салған ізімен, олардың істері мен дәстүрлерін А.А.Таужановадай ана тілін аса құрметтейтін, білікті кәсіби маман жалғастырып, аз жылда  жарқ еткен жұлдыздай ағып түскен, ардақты ұстаздың  жарқын бейнесі, өмірсүйгіштігі, мейірімділігі, ұжымдастары мен студенттерінің есінде мәңгі қалды.

    Бөлім оқытушылары: (солдан оңға  қарай) Г.М.Сайлибаева, А.У.Байжанова, М.Х.Шынтасова, А.А.Таужанова. 2011 жыл

             Қазіргі таңда жалпы пәндер бөлімінде дене тәрбиесі пәнін музыканттардың ерекшеліктерін ескере отырып құрған жеке әдістемесімен, сабаққа суда жүзу мен шейпинг элементтерін қосып оқытушы А.С.Бормотов жүргізеді. Алғашқы әскери дайындық пәнінен дәріс берген , жастарға патриоттық  тәрбие беруде жалықпай еңбек етіп , жеке үлгісі арқылы спортты , салауатты өмір салтын насихаттап  жүрген ардагер ұстаз А.Г.Смирнов жастарға үлгі.

              2000 жылдан бері бөлімді басқарып келе жатқан  жоғары білікті маман,  ұжымда аса құрметке ие  А.У.Байжанова  әр жеке тұлғаны құрмет тұта отырып,  тарих пәнін жоғары деңгейде сәтті жүргізіп келеді, жоғары оқу орнына түсерде түлектері үнемі жоғары балл алып, алғыстарын айтады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінін оқытушысы Қ.С.Таналиева жастарды ана тілі мен қазақ елінің дәстүрлерін құрметтеп, әдебиеттің терең қазынасынан сусындандырып, сабақты жаңа форматта өткізсе, А.С.Каушева орыс тілі мен әдебиеті сабағында студенттердің қызығушылығы мен дүниетанымын арттыруға үлес қосып жүр.   Рационалды математика мен физиканы игеру  сезімге бай музыканттарға   алыстау десек те, оқытушы Б.Ж.Досмағамбетова үшін оны игерту өте қиындық туғызбайды.

                Бөлім ісі мен тарихына кейін келген жігерлі жас оқытушылар да үлестерін қосып, із қалдыруда. Олар:  М.А.Мухамбеткалиева – ағылшын тілі, психологтар: А.С. Балтурина,, М.К.Турмағамбетова, М.Е.Жапалова, және Г.К.Жолды, А.А.Андакулова – әлеуметтік педагог, ағылшын тілі, Г.И.Исағалиева – география, Ж.К.Ержанова -информатика.

    Солдан оңға  қарай:  А.Д.Дабылова, К.С.Таналиева, А.У.Байжанова, К.У.Камаева, Г.М.Сайлибаева, М.Х.Шынтасова, Г.К.Жолды, А.А.Андакулова. 2016 жыл

       Музыка мамндарын даярлауда  әр жылдары қосымша, толық емес уақытпен істейтін ұстаздар да еңбек етті: С.С.Исмагулова, Г.С.Жақсылықова, Д.Сатенова, Г.Кукешова, А.Иманбаева, К.Т.Жаманкулова, М.К.Абдигалиев, Т.Г.Уразгалиев, М.Т.Утегалиева, Ж.Даримбетов, К.С.Испанова, А.К.Алиева, К.М.Есетова, Г.Т.Дарменова, А.Г.Нежданова.

                Бүгінгі күні бөлім пікірлес, тату үлкен ұжымды құрайды. Оның құрамында аға буынмен қатар, жаңартылған мазмұнда білім беруді меңгерген  шығармашыл, бастамашыл жас ұстаздар қосылды. А.А.Мейрханова – өзін-өзі тану пәніінен, Н.М.Жетембаева –ағылшын тілінен, Ж.А.Калиев – алғашқы әскери дайындыық пен құқық, М.М.Садыков пен А.М.Рсбаев –дене тәрбиесі, А.К.Салиманова – химия,биология пәнінен, А.Ж.Жайлхан – политология, С.Е. Файзуллин –информатика пәндерінен, Г.С.Куркбасова – колледж психологы.

                  Бөлім педагогтары мен білім алушылары колледжішілік, қалалық  іс-шараларға, дебат ойындары, конференция, семинар, спорттық жарыстар, пәндік олимпиадаларға белсене араласады.  Алып жүрген жоғары жүлделері осы жұмыстардың жемісі.

    Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған колледж сағаты. 2015 ж

    Жалпы білім беру  бөлімінің оқытушылары және студенттер.
    Наурыз мейрамы.2017жыл

                  Бөлім педагогтарының жоғары кәсібилігі, болашақ мамандарға деген сүйіспеншілігі мен құрметі, шығармашылық ізденісі мен жауапкершілігі – бітіруші түлектердің бойына  игі қарым-қатынас, өмірдің құндылықтарын түсіну, ғылым негіздерін игеру, ҚР азаматына қажет сапаларды бойына сіңірудің негізі болып саналады.   

    Солдан оңға  қарай: С.Е.Файзуллин, , Г.С.Куркбасова, А.К.Салиманова, К.У.Камаева, К.С.Таналиева, А.У.Байжанова, Ж.А.Калиев, А.Д.Дабылова, А.С.Каушева, А.А.Мейірханов, Н.М.Жетембаева, М.М.Сыдыков. 2021 жыл.

    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"