Ақтөбе қаласы Астана және Алматы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарманың «Тәрбие, идеологиялық, әскери патриоттық жұмыстар атқару» бөлімінің басшысы, майор Кутанов Ізбасқан Шабанұлы колледж білім алушыларына әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізді. Шараға «Таулы Карабах ардагерлері» одағының төрағасы Дюсенбаев Толыбай Олжабаевич және одақтың ардагері Жексенбаев Аманкелді Турдыклывич қатысып, Отаннан тыс мемлекетте екі жылдық әскери борыштарын өтеу кезіндегі өткерген оқиғаларымен, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, І. Шабанұлы болашақ жауынгерлерге әскери қызметін адал өтеудің маңыздылығын өміршең мысалдар арқылы түсіндірді. Шара жастарға Отанын сатпауға, өз елінің игілігі үшін өзінің азаматтық парызын орындауға әрдайым дайын болуға серпін берді.