«Jascamp» лагері жастарға көшбасшылық дағдыларын дамытуға, командалық жұмысқа, шығармашылық ойлауға және жаңа жобаларды іске асыруға арналған кешенді тренингтер ұсынатын республикалық деңгейдегі іс-шара болып табылады. Лагерь барысында қатысушылар түрлі панельдік талқылауларға қатысып, жастар саясаты, IT, киберқауіпсіздік, экологиялық мәдениет сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар өзара танысып, тәжірибе алмасты, жаңа идеялар мен бастамаларға шабыт алды.
Музыкалық колледждің студенті ретінде Жанель жалпы өнер саласының құндылықтарын насихаттап, шығармашылық білім беру ұйымдарының көшбасшылық бағыттарда да белсенді екенін көрсетті. Бұл біздің оқу орнымыздың студенттері тек өнер саласында ғана емес, қоғамдық және әлеуметтік жобаларда да
белсенді екенін дәлелдейді.🙌🏻