• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • Ұстаздар мерекесі

    Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында құрмет көрсету, алғыс айтып марапаттау республика көлемінде дәстүрге айналған игі шара. Биыл да дәстүрлі шара қаламызда жоғары деңгейде өткізілді. А. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің ұлағатты ұстаздары да марапат төрінен орын алды. Жас буынға білім, тәрбие беріп, оларды саналы, елжанды, тарих, әдебиет, мәдениет саласының жанашыры етіп тәрбиелеу саласында ұзақ жылдар бойы адал қызмет жасап, зор үлес қосқандары үшін Богачева Светлана Васильевна облыс әкімі Ералы Тоғжановтың атынан Құрмет грамотасымен, Фаизова Дильяра Казимовна Республикалық кәсіподақ ұйымының атынан Алғыс хатпен марапатталды.
    Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісі мен кеншісін де тәрбиелейтін ұстаз атты мамандықтың иелерін төл мерекелерімен және марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

    «Ұстаздар күніне» орай, колледждегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында «Дублер күні» өткiзiлдi. 7 қазан күні колледж білім алушылары колледждің әкімшілік құрамы мен пән мұғалімдерінің орнын алмастырды. Білім алушылар белсенді қоғамдық өмiрге тартылу және колледжді басқару, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибелерін бастан өткеріп, өз бойларында жауапкершілік сезiмiн, бiр-бiрiне дұрыс іскерлік қарым-қатынас орната білу, көпшілік алдында сөйлей білу қабілеттерін дамытып, үлкен тәжірибе жинақтай білді

    А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өткізілді. Кештің ашылуы, колледж директоры А.Д.Исмагуловтың құттықтау сөзімен басталды. Қайырғали Қожанбаев бастаған ардагер ұстаздар, өз жылы тілек лебіздерін білдірді. Мерекелік салтанатты марапаттаудан кейін, жалпы пәндер бөлімінің ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Байқау жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.

    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"