Колледждің аналар кеңесі құрамы мүшелерімен «Сәлем — сөздің анасы» тақырыбында қыз балалармен кездесу өткізілді.«Әдептілік сәлемдесуден басталады» дейді дана халқымыз. Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді. Сәлем — арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы ассалам сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Сәлемдесу — тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір — біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. «Сәлем — сөздің анасы» делінетіні де сондықтан.