• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • «Құқықбұзушылықтың алдын алу»

    А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің концерт залында, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында, кәмелетке толмаған білім алушыларға арналған тәрбие сағаты өтті. Колледж оқытушысы – А.Д.Исмагулов білім алушылардың денсаулыққа бей-жай қарамау мәселелеріне тоқталды. Құнарлы тағамдарды тұтыну арқылы дұрыс тамақтану, өзіңді сергек сезіну үшін дене шынықтыруға арналған жаттығулармен шұғылдану қажеттігі жөнінде бірқатар кеңестер берді.
    Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы, Полиция Капитаны А.А.Сундетбаева- білім алушыларға жолда жүру ережесін түсіндірді. Таксикомания, наркомания, темекі, алкогольдік заттарды тұтынбау, ойын клубтарында құмар ойындар ойнау, заңды өкілінсіз сағат 23:00- ден кейін көшеде жүрмеу, жеке пәтер жалдап жалғыз тұрмау, жалдамалы пәтерлерде туған күн, мерекелік шаралар ұйымдастырмау т.б. мәселелер бойынша құқықтық ақпараттармен және ондай іс-әрекеттерге салынатын айыппұл көлемдерін атап өтті.
    Колледж психологі Г.С.Куркбасова: 1-курс білім алушыларынң оқу орнына, жаңа ортаға бейімделуі бойынша кәсіби кеңестер берді. Жаңа ортада дұрыс қарым-қатынас орната білу мәселесінде бірнеше факторлар әсер ететіндігіне тоқталды.
    ТІО-А.А.Кузенбаев- білім алушыларға қоғамдық тәртіпті, орта мәдениетін сақтауды ұсынды. Сабақ процесін бұзуға бағытталған іс-әрекеттерден бас тарту, колледждің бірыңғай киім үлгісін сақтау, құқықбұзуға бейім девиантты мінез-құлықты білім алушыларға ермеу, бопсалаушылық әрекеттерге төзбеу қажеттігін ескертті. Мұндай жағдаяттарға кезіккен білім алушы өміріне қауіптілік туындауын ескере отырып, мәселені өзі шешуге қадам баспай, колледж әкімшілігінің және құқық қорғау мамандарының көмегіне жүгіну қажеттігін ескертті.

    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"