Жасөспірімдер арасында орын алатын әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында колледж білім алушылары мен ата-аналарына құқықтық сауаттандыру үшін ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа колледж оқытушысы — Исмагулов Аманжол Дюсенович, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары — Кузенбаев Адилет түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақтөбе облысы, Полиция департаменті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор, полиция подполковнигі — Шитанова Гульмира Бактыгалиевна есірткі тұтыну және таралуының алдын алу, келеңсіз жол көлік оқиғаларның алдын алу, жыныстық қолсұғушылықтың алдын алу және түнгі мезгілде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды тұлғасыз көшеде жүрмеуі бойынша баяндама оқып, профилактикалық шаралармен таныстырды.