А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің «Ән салу» бөлімі 1991 жылы Қиындаш Елемесұлы Таубековтың ықпалымен ашылды. Сол жылдары консерватория бітіріп келген жас түлектер: Солдатова Л.А; Таубеков Н.Е, Айтимов М.О; Борисов.Б.В ұстаздық қызметін осы колледжден бастады.
Бөлімнің ең алғашқы түлегі Солдатова Людмила Анатольевнаның класының білім алушысы – Е.Романовская болды.(1994 ж.)
1991 жылдан бері «Ән салу» бөлімнен 500-ге жуық түлек түлеп ұшты.
Қазіргі таңда, солардың бірегейлері: Алматы қаласындағы Абай атындағы Опера және Балет театрының солисті – Алпысбаева Венера,Павлодар қаласындағы музыка колледжінің Ән салу бөлімінің меңгерушісі Альжанова Гүлмира,Жұмағалиева Күміс Алматы қаласындағы Бақытжан Байқадамов атындағы каппеланың әртісі,Жақсылықова Гүлнұр Нұр-Сұлтан қаласының филармониясының солисті,Тажғалиева Ару Жаңа сібір қаласындағы концерваторияның магистранты,Сандыбаева Жанна Қорғаныс министрінің әншісі,Төлегенова Гүлжан Шымкент қаласындағы Опера және Балет театрының солисті.
Колледждің түлегі-Тулемисова Зухра Абатовна Астана қаласындағы Музыка академиясын тәмамдап,қазіргі таңда «Ән салу» бөлімінің бөлім меңгерушісі және де колледжде ұстаздық қызметін атқаруда. Ахмет Жұбанов атындағы музыка колледжі «ән салу» бөлімінің түлегі, Қазақстанның атын әлемге танымал еткен талант иесі-Құдайберген Димаш қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі әншілердің бірегейі.Димаш колледжді 2009-2013жж аралығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтимов Марат Олжабайұлының класынан дәріс алып шықты.Димаштың қатысып жүлделі болған байқаулары өте көп солардың ішінде: «Жас қанат-2012» бауқауының жеңімпазы, Витибск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңімпазы,Қытайда өткен «I am singer-2017» байқауынан екінші орын иегері. Сондай-ақ Димаш 2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты, 2018 жылы Қытайда «Жылдың ең үздік әртісі» премиясының иегері.
Осы жылдар ішінде Ұлттық Дельфий ойындарының үш алтын иегерлері біздің «Ән салу» бөлімінен шықты. Олар Алдадосова Гүлдана, Таубекова Динара, Амин Ибраһим.
Қазіргі таңда Ахмет Жұбанов атындағы музыка колледжінің «Ән салу» бөлімінің түлектері,жоғары оқу орындарын тәмамдап ұстаздық қызметін осы колледжімізден бастады.Олар Тулемисова Зухра Абатовна,Жұмабаева Гүлфия Сұлтанбекқызы,Калмыков Бэджа Вячеславович,Қабылов Дастан Ғалымжанұлы,Әбілхасан Нұрпейіс Елібайұлы.Бөлімде үлгі тұтар ұстаздарымыз: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері-Айтимов Марат Олжабайұлы, Ыбырай Алтынсарин төс белгісінің иегері- Таубеков Николай Елемесұлы, Қазақстанның мәдениет саласының үздігі-Нұрқасымова Жұлдыз Мұхаметжанқызы, Қазақстанның мәдениет саласының үздігі-Аманбаева Гүлмарыс Жұмабекқызы,Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері,Педагогика ғылымының магистірі-Қалуова Перуза Қауысбайқызы.