• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • Домбырамен ән айту

    Ахмет  Жұбанов  атындағы  музыкалық  колледжінің  «дәстүрлі  ән» салу бөлімінің ашылуы.

    1997  жылы  Ахмет  Жұбанов  атындағы  музыкалық  колледжінің  директоры қызметін   Владимир Фоменко Никифорович    «Дәстүрлі ән» классының ашылуына ықпалын тигізіп,   Света Мырзабаеваны жұмысқа   қабылдап, алғашқы оқытушы болып қызмет  атқарады. Сол жылдан бастап  Алғашқы  шәкірттері: Бибігүл Жаскеленова, Нұрлан Әбдібеков, Қалжанова Лаура, Сарина Жанар. Осы аралықта Жаңабай Өтегенов, Данияр Сағынтаев сынды қазіргі уақыттағы дәстүрлі әнмен қатар эстрада бағытын алып жүрген әншілер  дәріс  алып  шықты. 2004 жылы колледждегі  оқушылар санының көбейуіне байланысты  Ғарифолла Құрманғалиевтің алғашқы  шәкірті  Өтеғалиев Қайдар  Серғазыұлы жұмысқа қабылданады. Сол жылдардан бастап  Қайдар Өтеғалиев  Серғазыұлы дәстүрлі ән класын дәріптеп,  әншілер дайындап шығарады.  Олар Венера  Қаржаубева Қазіргі  тандағы Құрманғазы  атындағы қазақ  ұлттық консерваториясында «Халық әні»  кафедрасында  ұстаздық қызмет аткарып  келеді. Мұқанова Мәншүк, Шынарбаева Динара Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармониясында әншілік қызметін атқарып жүр, Саттарова Үміт Алматы қаласындағы П.Чайковский музыкалық колледжінде «Дәстүрлі» ән класы бойынша сабақ беріп жүр.  2004 жылы Света Мырзабаеваны  жұмыс  бабының Астана қаласындағы өнер университетіне ұстаздық қызметке ауысып  кетеді. 2004-2006 жылдар аралығында Қайдар  Өтегалиев өзі ұстаздық  қызметін  жалғастырады.          2006 жылы Алматы қаласы  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының  түлегі Сарқытбаева Ғазиза А.Жұбанов атындағы колледжіне дәстүрлі ән классына оқытушы болып қабылданды. 2007-2008  Жанат Жолбаева  Ұстаздық  қызмет аткарды.

    2009  жылы  «Дәстүрлі ән»  класына, «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері»,  Халықаралық, Республикалық байқаулардың жүлдегері Аманбаева Гүлмарс  Жұмабекқызы  жұмысқа қабылданды.Осы  жылдардан  бастап дәстүрлі  әншілер  қатары  кобейе түсті. Атап  айтар  болсақ Қасымов Жасұлан, Қосанова Айнұр, Көпжасарова, Қабылов Дастан Республикалық «Мен қазақпын» мега жобасының финалисі. Әбілхасан Нұрпейіс «Ән қайнары-Кең Жылой» республикалық байқаудың Бас жүлдегері. Қазіргі таңда, Қабылов Дастан, Әбілхан Нұрпейіс А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде «Дәстүрлі ән» бөлімінде ұстаздық қызметін атқарып жүр. Мейірхан Нұржан «Шабыт» халықаралық фестивалінің  Бас жүлде иегері, Ж.Елебеков атындағы VII республикалық конкурсының лауреаты. Қазіргі таңда, Нұр-Сұлтан қаласының филармониясын қызмет атқарады. Елемесов Жеңіс «Н.Байғанин атындағы жыршылар байқауының» лауреаты. Тобағабылова Ақбота «Аймақты әнмен тербетіп» атты республикалық байқаудың бас жүлде иегері. Мизамов Кенесары « Кең Жылой» республикалық конкурсының лауреаты . Алпысбаева Асия «Аймақты әнмен тербетіп» республикалық байқауының лауреаты.

        Қазіргі таңда, «Дәстүрлі ән» класы бойынша 5 оқытушы қызмет атқарып келе жатыр. Оның ішінде, Қ.П. Қалуова «ҚР мәдениет саласының үздігі», А.Г.Жұмабекқызы «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері»,  Ж.К.Орынбекова «Халық әні бойынша Өнертану ғылымдарының магистрі»

    «Дәстүрлі ән» класы бойынша 22 оқушы білім алып жатыр.    

    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"