• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • Психологиялық қызмет

    Колледж педагог-психологі Сарсенгалиева Айгерм Жумагалиевна

    Психологиялық қызметтің  мақсаты:  жеке тұлғаны психологиялық тұрғыда зерттеу, жан-жақты дамыған қабілетті білім алушыны анықтау, қалыптастыру, білім алушылардың колледждің қоғамдық өміріне белсене араласуына көмектесу.

    Психологиялық қызметтің міндетері:

    1. Оқыту мен тәрбиелеуде қиындықтары бар студенттерді ерте анықтау және психологиялық көмек көрсету және әлеуметтік дезадаптацияның алдын алу;
    2. Білім алушыларды, ата-аналар мен педагогтарды консультациялық және ақпараттық психологиялық қолдау;
    3. Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру,  әр білім алушының  жеке басын дамыту үшін психологиялық қолайлы жағдай жасау;
    4. Білім алушыларда өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі анықтау қабілетін қалыптастыру;
    5. Нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсету және алдын алу.

    Психологиялық қызметтің бағыттары:

    • Психодиагностика (жеке тұлғаның тұлағалық және де басқа сапаларын анықтауға арналған түрлі әдістемелер арқылы жұмыстар жүргізу);
    • Психокоррекция (анықталған мәліметтер бойынша түзету және де девиантты мінез-кұлық бойынша коррекциялық жұмыстар жүргізу);
    • Психопрофилактика  (алдын алу жұмыстары, жаңа ақпараттармен танысу, білім жетілдіру жұмыстары);
    • Психологиялық кеңес беру (педаготармен, ата-аналармен және оқушылармен тренинг, әңгімелесу, сауалнама арқылы кенес беру жұмыстарын жүргізуі).

    Біздің жұмысымыздың принциптері:

    • Бұл құпиялылық пен еріктілік.
    • Білім алушылардың барлығына психологиялық көмек тегін көрсетіледі.

    Психологқа қай мәселе бойынша жиі жүгінеді?

    • Егер сіз өз өміріңіздің сапасын жақсартып, басқа адамдармен қарым-қатынас орнатқыңыз келсе;
    • Егер сіз қиын өмірлік жағдайға тап болсаңыз және оның шығу жолын табу қиындық тудырса;
    • Егер сіз студенттік өмірге бейімделуде қиындықтарға тап болсаңыз;
    • Егер сіз өзіңізді бағалауды арттырып, өзіңізге сенімді болғыңыз келсе;
    • Егер сіз өз денсаулығыңызды жақсартып, психологиялық жағдайыңызды үйлестіргіңіз келсе

    Колледж психологінің есігі сіз үшін әрдайым ашық

    Сенім телефоны -кез-келген адам анонимді түрде хабарласып, өмірде кезіккен қиын жағдайы туралы айтып және кез-келген сұрағына жауап ала алатын қызмет.

    Сенім телефонына ұлтына, жынысына, денсаулық жағдайына қарамастан әрбір адам хабарласа алады. Әр адамның өтініші тыңдалады және көмек алу құқығы бар. Және бұл көмек әрқашан тегін және анонимді түрде қаралады (кім, неге хабарласқаны жөнінде ешкімге хабарланбайды) Бұл өте маңызды! Сенім телефоны қандай да бір қиын жағдайға тап болған адамға қолдау табу, өз жағдайын байыппен, ақылмен отырып шешу және нақты бір шешімге келу мүмкіндігін береді.

    Сенім телефонының жұмыс істеу қағидалары:

    • Абонент те, кеңес беруші де аты-жөнін, өзінің жеке деректерін хабарлауға міндетті емес;
    • Кеңес берушінің лақап аты, болуы мүмкін немесе оны атамаса да болады, абоненттің телефон нөмірі белгіленбейді;
    • Әңгіме мазмұны жазып алынбайды және басқа адамдарға берілмейді;
    • Әрбір қоңырау шалған адам жеке тұлға ретінде құрметтеледі.

    Кез-келген уақытта, кез-келген мәселе бойынша сенім телефонына қоңырау шала алсыз.

    96 – 11 – 14

    8 747 985 86 07

    Біз Сіздермен әрдайым кездесуге қуаныштымыз!

    Психолог кабинеті колледжіміздің 2 қабаты, 19 кабинетінде орналасқан.
    Дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін

    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"