Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің «дәстүрлі ән» салу бөлімінің ашылуы.
1997 жылы Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің директоры қызметін Владимир Фоменко Никифорович «Дәстүрлі ән» классының ашылуына ықпалын тигізіп, Света Мырзабаеваны жұмысқа қабылдап, алғашқы оқытушы болып қызмет атқарады. Сол жылдан бастап Алғашқы шәкірттері: Бибігүл Жаскеленова, Нұрлан Әбдібеков, Қалжанова Лаура, Сарина Жанар. Осы аралықта Жаңабай Өтегенов, Данияр Сағынтаев сынды қазіргі уақыттағы дәстүрлі әнмен қатар эстрада бағытын алып жүрген әншілер дәріс алып шықты. 2004 жылы колледждегі оқушылар санының көбейуіне байланысты Ғарифолла Құрманғалиевтің алғашқы шәкірті Өтеғалиев Қайдар Серғазыұлы жұмысқа қабылданады. Сол жылдардан бастап Қайдар Өтеғалиев Серғазыұлы дәстүрлі ән класын дәріптеп, әншілер дайындап шығарады. Олар Венера Қаржаубева Қазіргі тандағы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында «Халық әні» кафедрасында ұстаздық қызмет аткарып келеді. Мұқанова Мәншүк, Шынарбаева Динара Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармониясында әншілік қызметін атқарып жүр, Саттарова Үміт Алматы қаласындағы П.Чайковский музыкалық колледжінде «Дәстүрлі» ән класы бойынша сабақ беріп жүр. 2004 жылы Света Мырзабаеваны жұмыс бабының Астана қаласындағы өнер университетіне ұстаздық қызметке ауысып кетеді. 2004-2006 жылдар аралығында Қайдар Өтегалиев өзі ұстаздық қызметін жалғастырады. 2006 жылы Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі Сарқытбаева Ғазиза А.Жұбанов атындағы колледжіне дәстүрлі ән классына оқытушы болып қабылданды. 2007-2008 Жанат Жолбаева Ұстаздық қызмет аткарды.
2009 жылы «Дәстүрлі ән» класына, «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері», Халықаралық, Республикалық байқаулардың жүлдегері Аманбаева Гүлмарс Жұмабекқызы жұмысқа қабылданды.Осы жылдардан бастап дәстүрлі әншілер қатары кобейе түсті. Атап айтар болсақ Қасымов Жасұлан, Қосанова Айнұр, Көпжасарова, Қабылов Дастан Республикалық «Мен қазақпын» мега жобасының финалисі. Әбілхасан Нұрпейіс «Ән қайнары-Кең Жылой» республикалық байқаудың Бас жүлдегері. Қазіргі таңда, Қабылов Дастан, Әбілхан Нұрпейіс А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде «Дәстүрлі ән» бөлімінде ұстаздық қызметін атқарып жүр. Мейірхан Нұржан «Шабыт» халықаралық фестивалінің Бас жүлде иегері, Ж.Елебеков атындағы VII республикалық конкурсының лауреаты. Қазіргі таңда, Нұр-Сұлтан қаласының филармониясын қызмет атқарады. Елемесов Жеңіс «Н.Байғанин атындағы жыршылар байқауының» лауреаты. Тобағабылова Ақбота «Аймақты әнмен тербетіп» атты республикалық байқаудың бас жүлде иегері. Мизамов Кенесары « Кең Жылой» республикалық конкурсының лауреаты . Алпысбаева Асия «Аймақты әнмен тербетіп» республикалық байқауының лауреаты.
Қазіргі таңда, «Дәстүрлі ән» класы бойынша 5 оқытушы қызмет атқарып келе жатыр. Оның ішінде, Қ.П. Қалуова «ҚР мәдениет саласының үздігі», А.Г.Жұмабекқызы «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері», Ж.К.Орынбекова «Халық әні бойынша Өнертану ғылымдарының магистрі»
«Дәстүрлі ән» класы бойынша 22 оқушы білім алып жатыр.