• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • Жеткірбай Ақниет

    А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің «Әлеуметтік мәдени-қызмет және халықтық көркемдік шығармашылығы» бөлімінің 3 курс студенты Жеткірбай Ақниетттің 19 желтоқсан күні колледж сахнасында «Көгершін жырым қалықта, әсем әнім шарықта, апаршы мені халыққа» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында Ақниет  қазақ, қазіргі заман жазушылары, ақындарынан, өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Әр оқылған өлең қандай да бір тақырыппен байланыстырылып, шағын театрландырылған көрініспен сомдалды. Мысалға «Қарттар үйі» монологында, баласын сағынған ананың зарын көрсетсе, сол көрініс арқылы өзінің анасына алғысын айтып Алмас Темірбайдың «Рахмет саған ана» өлеңін оқыды.  Бекжан Тұрыстың «Қарыз» монологында, баласы мен әкесі арасындағы әңгімені, баласының ақша үшін жерін сатып жіберуге әзір екендігі, әкесінің оған айтқан ақылын көрсетті. Серік Ақсұңқардың «Қасқыр» атты монологы да көрсетілді. Осындай өлең жолдары, қойылған қойылымдар арқылы студенттер, кешке келген қонақтар тәлім-тәрбие алып, рухани демалыс алды деп ойлаймыз. Кеш соңында Жеткірбай Ақниетпен «Қазақ ұлт аспаптар» бөлімінің  студенті Оралбек Саламатовпен сөз тартысы, айтыспен аяқталды. Кештің шарықтау шегінде колледж директоры Исмагулов Аманжол Дүйсенұлы, өзінің құттықтау сөзін білдіріп, музыкалық білім алып жатырған білім алушының басқа арнада, поэзия өнерін жетік меңгергенін атап өтті.

    no images were found

    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"