Бүгін «Деструктивті діни ағымдар» тақырыбы аясында кездесу өтті.
Аталған шараға Ақтөбе қалалық дін мәселелерi және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог мамандары А.Узакбай, Ж. Кадирханова және орталықтың психолог маманы Т. Тулепбергенов қатысып,қазіргі таңда елімізде халықтың, әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесiн, діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығы туралы айтып, жат ағымдардан сақ болуға шақырды
Ақтөбе облыстық «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Асанов Нұрлан Әділханұлы студенттермен кездесу өткізді. Ваххабизм, салафизм бағытындағы діни ұйымдардың ислам дініне жат екендігін түсіндірді. Білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.