Денсаулық күніне орай, колледждің дене шынықтыру пәні оқытушылары — А.Рысбаев пен М.Сыдыков оқытушылар мен білім алушылар арасында футбол сайысын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты — жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, өз денсаулығын сақтау мен нығайтуда спорттың маңызы зор екендігін ұғындырып, спорттық ойындарға ынталарын арттыру, ұстаздар мен білім алушылар арасындағы жағымды қарым-қатынасты нығайту.
Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы тартысты сайыстың қортындысы бойынша, шәкірттердің сайыста ұстанған «Ұстаздан шәкірт озар» ұранымен «Әлеуметтік мәдени қызмет және халықтық көркемдік өнер шығармашылығы» бөлімі шәкірттерінен құрылған құрама жеңімпаз атанды.
Шәкірттерді сайыстағы жеңістерімен құттықтаймыз! Өмірлік ұстанымдарыңыз «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» ұраны болып, әрдайым сапалы білім берген ұстаздарыңызға құрметтеріңіз сарқылмасын деп тілек білдіреміз!
Сайысты ұйымдастыруға атсалысқан ұстаздарға, қаржылай қолдау көрсеткен колледждің кәсіподақ ұйымының төрайымы — А. М. Абишоваға алғыс білдіреміз!