Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж студенттерімен Қаржылық ақшалай аударымдар, қаржылық пирамидалар, олардың жазалары туралы профилактикалық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының, тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Ж.М.Зиноллин, колледж директорының ТІ орынбасары А.А.Кузенбаев қатысты.