• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • Колледж сағаты

    Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж сағаты өткізілді.
    А.А.Кузенбаев білім алушылар арасында қаладан тыс аймақтан келген білім алушылардың бар екендігін ескере отыра, олардың оқу орнына жеке такси жүргізу қызметін немесе қоғамдық көліктердің қызметіне жүгіну арқылы қатынау кезіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Колледждің ішкі тәртіп ережесі бойынша, қоғамдық шараларға концерттерге белсенді қатысу т.б. мәселелер бойынша сөз сөйледі. Сонымен қатар, колледжде «Студенттік Парламент» ұйымының сайлауы өтетіндігін хабарлап, барлық студенттерді белсенді атсалысуға шақырды.
    А.А.Сундетбаева білім алушыларға ғаламтордағы алаяқтық мәселелері бойынша одан сақтану шараларымен таныстырды. Қазіргі таңда ғаламтордағы әлеуметтік желілер, сайттар қарым-қатынас құралы ғана емес, кәсіби хакерлер мен алаяқ қаржылық ұйымдардың шабуылдау арқылы адамдардың ақпараттық жүйелерін істен шығару, әлеуметтік желідегі парақшаларына бұзып кіру,ондағы мәліметтер мен хаттарды түрлі мақсатта пайдалану, олардың қаражаттарын игеру құралы болып отырғандығына тоқталды. Ғаламтордағы вирустық бағдарламалармен ақша табатын, өзге адамның атынан парақша ашып оның таныстарынан қарызға ақша сұрайтын немесе өзге адамның банк карточкасын сұрап алып, оны өзге адамнан алдап алған қомақты қаражатты аударуға пайдаланатын, т.б. алаяқтық тәсілдердің арбауынан аулақ болуға үндеді.
    Г.С.Куркбасова «Антибуллинг» тақырыбында білім алушыларға баяндама оқыды. «Зорлық-зомбылық», «Буллинг» терминдері туралы білім алушыларға түсінік берді. Көп адам түсінбей шатастырып жататын «Буллинг» пен «Конфликт» терминдерінің айырмашылықтарын түсіндірді. Сөз формасындағы буллинг, жыныс ориентациясына байланысты буллинг, әлеуметтік желілерде орын алатын кибербуллинг т.б. булиинг түрлерімен таныстырды. Білім алушылар тарапынан немесе өзге де адамдардың тарапынан қорқыту, үркіту, бопсалау сынды жағдаяттар орын алған жағдайда колледждің сенім телефонына хабарласу қажеттігін түсіндірді.

    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"