24.02.2024 күні Өнер орталығы концерттік залында Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі және Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының ұйымдастырылуымен дәстүрлі түрде өтетін «Ұрпақтар Үндестігі» атты концерттік кеші өткізілді. Концертте колледждің білім алушылары өнерлерін көрсетіп, колледж тарихы мен жетістіктері туралы айтылды. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі, өзінің 53жылдық тарихында үш мыңға жуық түлектер шығарды. Олар өзінің кәсіби біліктілігін алды, әлемнің көптеген мемлекеттерінде қызметтерін атқаруда. Солардың қатарында: Тұрар Әліпбаев,
Абдулхамит Райымбергенов, Ерсайын Басығара, Замзагүл Ізмұратова,
Нұргүл Жақыпбек, Мирас Бекжанов, Өмірқұл Айниязов, Ерке Есмахан, Әлемдік
Сахнада өнер көрсетіп жүрген Димаш Құдайберген, Светлана Косян, Гүлдана
Алдадосова, Рахман Сатиев. Концертте кеш қонағы ретінде колледж түлегі, ҚР
Мәдениет саласының үздігі Жадыра Арыстанова қатысып, халықты әсем әндерімен
сусындатып, өз өнерін көрсетті. Осындай дарынды өнерлі шәкірттердін шығуы, ол
әрине ұстаздардың еңбегі.
Осы күні колледж ата-аналарының жиналысы ұйымдастырылып, алыс-жақыннан келген ата-аналар балдарының өнерлерін тамашалады. Концерттік кеш Арайлы Ақтөбе қаласының 155 жылдығы және Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 80 жылдық мерей тойы аясында ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда колледждін жас өршіл педагогтары, белсенді шығармашылық жұмыс жасап, оқу орнының беделін арттырып , жетістіктерін, дәстүрін сақтай отырып, атағына сай деңгейде еңбектерін атқаруда. Қазіргі уақытта директордың міндетін атқарушы Күзенбаев Әділет Алтынбекұлы.