• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • Өнерім – өмірім

    Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген, Халықаралық отбасы күніне арналған, Ақтөбе қаласында тұратын үлгілі отбасылардын бірі — Зейнеловтер отбасымен «Өнерім-өмірім» атты кездесу кеші.
    Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Құрмет орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі — Бақытбек Жұбатқанұлы Зейнелов, жолдасы — Камиева Толқын Габбасовна, қобызшы. Алихан Бақытбекұлы, домбырашы.
    Кеш барысында отбасының құндылығы, отбасындағы мерекелер туралы әңгімелер қозғалды. Бақытбек Жұбатқанұлы өңдеген әндері жасырылып, күй шертіліп, әндер айтылды. Кеш қонағы облыстық маслихат депутаты Жұлдыз Қазихан, осындай игі шаралардың көп ұйымдастырылуын тапсырып, кешке өзінің жоғарғы бағасын берді. А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжі алдағы уақытта да үлгілі, өнерлі отбасыларды дәріптемек.

    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"