• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • Евгений Брусиловский-қазақ симфониясының негізін қалаушы

      

    Музыка әлемінде композитор  Евгений Брусиловскийдің есімі ерекше аталады. Биыл Қазақстан Евгений Брусиловскийдің туғанына 115 жыл толуын атап өтеді.Композитор еліміздің музыкалық мәдениетінің тарихына опера, симфония, концерттерден бастап хор кантаталарына дейінгі барлық жанрлардың негізін қалаушы ретінде кірді

                    Евгений Брусиловский 1905 жылы Дондағы Ростовта дүниеге келген. 1922-1924 жылдары Мәскеу мемлекеттік консерваториясында фортепиано және композиция сыныптары бойыншаоқыды. П.Чайковский атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясына  композиция сыныбына түсіп, оны 1931жылы бітірді. Екі жылдан кейін Ленинград Композиторлародағысолкездеекі симфония мен музыканың авторы болғанжасмузыкантты”Нейтан Беккердің оралуы” кинофильмінеАлматығаіссапарғажіберді.

             Ол қазақ жеріне келіп, халық музыкасын зерттей бастайды, және классикалық қазақ музыкалық туындыларын нағыз қазына екеніне көз жеткізеді. “Қазақ халықәні – бұл ең алдымен әуендер патшалығы”, – деп композитор өзініңестеліктерінде жазған болатын. Брусиловский Құрманғазының күйлерімен танысады, ӘміреҚашаубаевтың орындауындағы халық әндерін тыңдайды. Көп ұзамай алғашқы “Қыз Жібек” операсы да пайдаболады, оны Брусиловский қазақ  музыкалық театрының тапсырысы бойынша жазады (Күләш  және Қанабек Байсейітов, Әміре Қашаубаев, Құрманбек Жандарбеков сияқты сахна шеберлері өнер көрсеткен). Дәл осы “Қыз Жібектен” қазақоперасының даму жолыбасталады.

    – Егер Александр Затаевичке біз қазақ фольклорының үздік үлгілерін сақтағаны үшін қарыздар болсақ, онда Евгений Брусиловскийге олардың рухани әлеуетін ашып, әлемдік музыка мәдениетінің жауһарлары деңгейіне көтергені үшін қарыздармыз,- деп есептейді филолог және музыкатанушы, композитор, коллекционер, республикадағы жалғыз грампластинкалар музейінің ұйымдастырушысы Наум Шафер. 30-шы жылдардың басында Қазақстанға келіп, таңғажайып, бейнелі қазақ фольклорын зерттеп, ол алғашқы қазақ опералары мен симфонияларын, камералық және вокалдық музыка саласындағы алғашқы үлгілерді жазды, бұқаралық әнге жол салды, Қазақстанның бірінші гимнінің авторы болды Алматы консерваториясында композиция кафедрасынқұрды.. Қазақстан Композиторлар Одағын құрды, оның бірінші төрағасы болды. Бұл ұйымда жалғыз Брусиловский ғана емес, сонымен қатар  А.Жұбанов, Б.Ерзакович, Л.Хамиди, Д.Нұрпейісова, К.Әзірбаев сынды талантты тұлғаларымыз  болған. БұлББұ

    Бұл одақта жүріп композитор консерваториямен де тығыз байланыс орнатқан. Себебі сол кезде Құдыс Қожамияров та одаққа мүшелік еткен.
    (Суретте Қ.Қожамияров, Е.Брусиловский, М.Төлебаев(1-қатарда)

    Б.Ерзакович, Б.Байқадамов (2-қатарда). 1950 ж.)

    Е. Брусиловский – “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Айман-Шолпан”,  “Дударай”  “Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу”, Қазақ КСР Мемлекеттік гимнінің музыкасы (М. Төлебаев, Л. Хамидимен бірге), және т. б. оркестрге арналған, көптеген хор шығармалары, әндер, романстардың авторы. Оның ішінде маған ең қатты ұнайтын, жүрегімнен орын алған шығарма- “Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу” балетінен Соло.

    Брусиловскийдің шәкірттері  Қазақстанның барлық кәсіби композиторлары  десе болады.Атап айтқанда,  Б.Байқадамов, М. Төлебаев,                   Б. Ерзакович, Қ. Қожамияров, Е. Рахмадиев, С. Мұхамеджанов, сондай-ақ көптеген танымал фильмдердің музыка авторы Александр Зацепин композитордың сүйікті шәкірттері болған.

             Евгений Брусиловский қазақ мұрағатына 250-ден астам қазақ халық әндері мен күйлерін жинады. Ол дауыс пен фортепианоға арнап сансыз қазақ халық әндерін өңдеген. Қазақ стилінде өз әндерін шығарды.Олардың ішінде “Екі Қарлығаш”, “Сайра”, “Шолпан” сияқты әндер бар. Евгений Григорьевич кәсіби шеберлікті бағалаған. Күй атасы – Құрманғазы есімін алғаш рет ақтауды қолға алған болатын. Қазіргі уақытта Құрманғазы музыкасының танымалдығы, оның есімін Алматы консерваториясына беруі – Евгений Григорьевичтің зор еңбегінің бірі.Өз тағдырын қазақ мәдениетінің тағдырына байланыстырған композитор Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын 1967жылы “Құрманғазы» симфониясы үшін  алды.

             Композитордың қазақ музыкасына сіңірген еңбегі ұмытылмас  құнды жәдігер. Ол музыканы насихаттап жүргендер де аз емес. Соның бірі – мен, Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің студентімін. Болашақ қобызшымын. Композитордың «Бозайғыр» шығармасы маған  10 жасымнан таныс. Қазанғап өнер мектебінің 5 сыныбында оқып жүріп осы шығарманы ұнатып, үйрене бастадым. Бала кезімде шығарманың тереңдігін нақты түсінбесем де, көз алдыма қазақтың кең даласындағы жүйрік тұлпар елестейтін. Асау аттың мінезін түсінгім келетін.  Талай байқаулардан осы шығарманы  орындап, жүлделі орындар алған маған  бұл шығарма айрылмас  досым тәрізді. Репертуарымның төрінен әлі күнге дейін орын алып келеді.

             “Боз-айғыр” сюитасы кез келген прима- қобызшының репертуарында кездеседі деп сеніммен айта аламын . Бұл шығарма отандық аспаптық музыка тарихына ең құнды үлес.Сұр аттың бейнесі – қазақ даласының бейнесі, оның кең кеңістігі, даланың еркін өскен бозбаласы, шынайы батылдық, шапшаңдық, терең шынайылық пен арманшылдықтың барлығы үндескен шығарма.

             Ұлтымыздың бай музыкалық мұрасын зерттеп қана қоймай, жаңартып, жаңғыртып, көзінің қарашығындай сақтаған ұлы композитор – Евгений Григорьевич Брусиловский 1981 жылы 9 мамырда қайтыс болды. Орасан еңбектері үшін Сталиндік сыйлықпен, С.Құрманғазы атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен, Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.Қазіргі таңда  Қазақстан қалаларындағы көшелерге Брусиловский есімі берілді, ал 2005 жылы Қазақстанның Брусиловскийге арналған пошта маркасы шықты. Евгений Григорьевичтің туғанына жүз жыл толуына орай Қазақстанда режиссер Ганапольскийдің “Линия судьбы” фильмі жарық көрді.50 жылдардағы  композитор тұрған Алматы қаласындағы Сталин көшесіндегі ( қазіргі Абылай хан даңғылы) үйге  қазір мемориалдық тақта орнатылды.

             Композитордың есімі қазақ халқының жүрегінде бірнеше ғасырлар бойы сақталатыны сөзсіз. Мен үшін Евгений Брусиловскийдің есімі оны ұлағаттау үшін ұмытылмасы анық деп білемін.

    Гүлсезім Аманқос – А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің ұлт-аспаптар бөлімі, қобыз класының ІV курс студенті.

    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"