2021 жылы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжіне 50 жыл толғалы отыр. Бүгінде барлық қиындықтарды артқа тастап, коллдж 50 жылдық тарихының есебін беру мақсатында үлкен даярлық үстінде. «Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», – дегендей колледж тарихы мен ұлы ұстаздардың естеліктері мен танымал тұлғалар мен биіктерді бағындарып, колледж атағын әлемге танытқан түлектерінің құттықтауларынан тұратын «А.Жұбанов мұрасы – болашақ үрпаққа» атты кітап шығарылды. Сонымен қатар колледж туралы деректі фильм түсірілді.
Қазіргі таңда іргетасы қаланған киелі білім ордасы талай шәкіртті қанаттандырып, кәсіби музыка мамандарын даярлап, таланттарға жол ашқан А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің 50 жылдық мерейтойына арналған колледждің шығармашылық ұжымдарының концерті 2021 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 16- 00 «Өнер орталығында» өтеді.
Мерейтойға қадірлі қонағымыз ғылым докторы, академик Ажар Ахметқызы Жұбанова мен түлектеріміздің арасынан белгілі орындаушылар, білікті ұстаздар, ғылым кандидаттары мен әлемге танымал өнер майталмандары, шығармашылық ұжым басшылары және көрші облыстардан музыкалық колледжд директорлары шақырылды. Сонымен қатар, мерейтойға шет елдердегі Димаштың фанаттарының арасынан Евразиялық фанклубының медиа орталығынан әдейі Москва қаласынан келетін қонағымыз Иванова Оксана Николаевна күтілуде.
«Ұстаз бақыты озып туған шәкірті» десе, аттарымызды Ай-Әлемге паш ететін талантты да білімді, өнерлі шәкірттеріміз көбейе берсін! Мерейтойымыз жоғары деңгейде өтіп, келесі бір жарты ғасырдың есігін үлкен жетістіктермен ашайық!