Бүкіл қазақ ұлты есімін ардақтаған сондай ұлылардың бірі – биыл туғанына 200 жыл толып отырған атақты күйші-композитор, Лирикалық күй жанрының негізін салушы Дәулеткерей Шығайұлы. Осы жылы ұлы композитордың 200 жылдығына орай Қазақстанның түкпір-түкпірінен концерт, конкурс, көрмелер өткізілуде. 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген.
Дәулеткерейді академик А.Жұбанов «төре күйлерінің атасы» дейді. Сонымен қатар Ахмет Жұбановтың айтуына қарағанда, Дәулеткерейдің туған жиені, Науша Бөкейханов күйшінің елу шақты күйін тартады екен. Даңқты сазгер туралы, құнды деректер берген де сол кісі көрінеді.
Орындаушылары: Науша Бөкейханов, Дина Нұрпейісова, Қали Жантілеуов, Рысбай Ғабдиев, Әзидолла Есқалиев, Қаршыға Ахмедияров, Тұяқбелді Шәмелов, Едіге Нәбиев, Шәміл Әбілтаев, Кәрима Сахарбаева.
Оның алғашқы шығармаларының бірі “Ақжелең”. Бұл күй Ақбала деген өнерлі де сұлу қызға арналған.
Дәулеткерейдің “Қоңыр”, “Желдірме”, “Керілме”, “Ысқырма”, “Қосішек” дейтін күйлері тіршілік-тұрмыстағы әр алуан көріністерді бейнелейді.
Орыс музыкасының әсерімен «Ващенко», «Қос ішек», «Қоңыр», «Топан» т. б. күйлерін, 1871 жылы досы С. Бабажановтың қазасына арнап «Салық өлген» атты жоқтау күйін шығарды. «Бұлбұл» күйі де осы кезеңде туды. Дәулеткерей өмірінің соңғы жылдарына жататын күйлерінде – терең мазмұн мен күрделі психологизм басым. Олардың қатарында халық симфонизмінің тамаша үлгілері саналатын «Демалыс», «Төндірме», «Керілме», «Жігер» сияқты күйлері бар.
Дәулеткерейдің «Қосалқа» атты, су әкеле жатқан қыз жайлы төкпе күйі бар.
Осы күйді композитор Л. Хамиди қобыз аспабына өңдеген болатын. Қазіргі таңда, осы
өңделген «Қосалқа» күйі қобызшылар репертуарында кеңінен таралған.
А. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі, ХАБ IV курс студенті Табышева Бексана